Кафедра құрамы

Кафедра меңгерушісі
Кошербаева Ляззат Кошербайқызы

Ләззат Көшербайқызы – PhD, қауымдастырылған профессор, Денсаулық сақтау технологиясын бағалау саласындағы сарапшы.
Денсаулық сақтауды ұйымдастыру мәселелері бойынша әртүрлі халықаралық мекемелерде (сонымен қатар, ECORYS&UMC, Radboud, Нидерланды, Ұлыбританиядағы NICE және т.б. Денсаулық сақтау технологиясын бағалауды, клиникалық басшылықтарды және т. б.) оқудан өткен.
Қалалық кардиологиялық орталықта, салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығында жұмыс тәжірибесі бар
Health technology assessment international халықаралық ұйымына мүше.
ҚазҰМУ диссертациялық кеңесінің тұрақты мүшесі.
Келесі ғылыми жобалардағы негізгі сарапшы және бас зерттеуші болды:
1. “SPRING 609528-EPP-1-2019-1-GE-EPPKA2-CBHE-JP” ERASMUS+ Еуропалық Комиссияның Білім, мәдениет және аудиовизуалды мәселелер жөніндегі Атқарушы Агенттігі
2. Licence, Master professionnels en formation ouverte et à distance pour le management stratégique de la qualité et la gestion des risques en santé en Russie, au Kazakhstan et en Azerbaïdjan– LMQS ERASMUS (Project N° 618860-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP)
3. «Салааралық бөліністе Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін және оның өңірлер бөлінісіндегі ықпалын бағалау технологиясын әзірлеу» (ЖТН AP09058136 ҚР БҒМ-2021-2023жж)
4. Қалалық және ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесінің шағын және орта бизнесінде жұмыс істейтін адамдарға COVID-19 психологиялық әсері (ҚР БҒМ AP09562843 ж. ЖТН-2021ж.)
5. Development of Health Technology Assessment in Kazakhstan Медициналық технологияларды бағалау жүйесін дамыту (Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша, Stichting katholieke Universiteit, Nijmegen(The Nederlands) жобасының орындаушысы).
6. Improving primary health care to meet the needs in the field of managing their health of the local population of the Medeu district of Almaty ” ДДҰ бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі еуропалық орталығының қолдауымен, Алматы қ., Қазақстан
7. «Тегіс қамти алатын медициналық көмек моделін әзірлеу және енгізу» (ҚР БҒМ, 2015-2017ж.ж.)
8. Алматы және Қызылорда облыстарының пилоттық аудандары үшін МСАК-тың интеграцияланған моделі технологиясын әзірлеу және ғылыми негіздеу (2016 ж.)
Ғылыми жарияланымдар – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 30-дан астам мақала, 2 монография авторы, Білім Министрлігі ұсынған Қоғамдық денсаулық сақтау, Алматы 2015 кітабының бірлескен авторы, Аканов А.А., Тулебаев К.А., Куракбаев К.К., Камалиев М.А., Мейманалиев Т.С., Кошербаева Л.К. (Хирша индесі-3).
Куәлік
1. Куәлік Әділет министрлігі №1163 30 мамыр 2017 ж. «Университет клиникасының моделі» авторлық құқығы
2. 2020 жылғы 9 маусымдағы № 10639 авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік Пәнаралық тәсіл негізінде жобалық интеграцияланған оқыту (Кошербаева Л., Кумар А., Абикулова А., Толганбаева К., Хожамкул Р.).

Абикулова Ақмарал Қанатқызы
PhD, қауымдастырылған профессор
кафедра профессоры м.а.
Акмарал Канатовна С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің интернатура бітіріп, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында сүт бездері ісіктері бөлімшесінде дәрігер-ординатор болып жұмысқа кірісті
2005 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2007 жылы бітірді.
13.12.2013 ж. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді..
19.04.2019 ж. қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. Хирша индексі-3
Келесі ғылыми жобаларға қатысты:
1. “SPRING 609528-EPP-1-2019-1-GE-EPPKA2-CBHE-JP” ERASMUS + Еуропалық Комиссияның Білім, мәдениет және аудиовизуалды мәселелер жөніндегі Атқарушы Агенттігі
2. Licence, Master professionnels en formation ouverte et à distance pour le management stratégique de la qualité et la gestion des risques en santé en Russie, au Kazakhstan et en Azerbaïdjan– LMQS ERASMUS (Project N° 618860-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP)
Ғылыми жарияланымдар – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 30-дан астам мақала, халықаралық рецензияланатын журналдарда 6 мақала, 2 оқу құралы, 1 әдістемелік ұсыным.
Куәлік
2020 жылғы 9 маусымдағы № 10639 авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік (Кошербаева Л., Кумар А., Абикулова А., Толганбаева К., Хожамкул Р.).
Құмар Айнұр Бақдәулетқызы
PhD, қауымдастырылған профессор
кафедра доценті

Айнұр Бақдаулетқызы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 2006 жылы «Емдеу ісі» мамандығын, 2007 жылы «Терапия» мамандығы бойынша интернатура бітірген. «Медицина» мамандығы бойынша 2010 жылы магистратураны, 2013 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантураны аяқтады.
13.12.2013 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.
Алматы қ.емханасында басқарушылық жұмыс тәжірибесі бар, СӨС мамандары, БМСК мамандары қауымдастығының мүшесі. ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларын әзірлеу бойынша сарапшы болып табылады.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ҚазҰМУ диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы болып табылады.
Келесі ғылыми жобалардағы сарапшы және бас зерттеуші:
«Алматы қаласы Медеу ауданының жергілікті тұрғындарының өз денсаулығын басқару саласындағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру»;
«SPRING 609528-EPP-1-2019-1-GE-EPPKA2-CBHE-JP» ERASMUS + Еуропалық Комиссияның Білім, мәдениет және аудиовизуалды мәселелер жөніндегі Атқарушы Агенттігі.
Licence, Master professionnels en formation ouverte et à distance pour le management stratégique de la qualité et la gestion des risques en santé en Russie, au Kazakhstan et en Azerbaïdjan– LMQS ERASMUS (Project N° 618860-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP)
Ғылыми жарияланымдар:
Ұлттық және халықаралық журналдарда 30-дан астам жарияланымның, ҚР БҒМ ДСДО ұсынған монографияның, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәліктің авторы.
Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша халықаралық және қазақстандық конференцияларға белсенді қатысады. Хирша индексі– 4.
Куәлік
1. 2020 жылғы 9 маусымдағы № 10639 авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік Пәнаралық тәсіл негізінде жобалық интеграцияланған оқыту (Кошербаева Л., Кумар А., Абикулова А., Толганбаева К., Хожамкул Р.).

Сейдуанова Лаура Бейісбекқызы
PhD, кафедра доценті
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 2006 жылы «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығын бітірген. 2015-2018 жылдары ҚР Профилактикалық медицина ҒӨБ «Гигиена» мамандығы бойынша аспирантураға түсті. 30.09.2020 ж. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.
Ғылыми қызмет, гранттар (ғылыми гранттарға қатысу):
1. «Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындары денсаулығының әлеуметтік-гигиеналық және медициналық проблемаларын кешенді шешудің ғылыми негіздемесі”, ҚР БжҒМ жобасы (2012-2014).
2. Central Asian Network on education research in environmental health, Темпус CANERIEH (2012- 2015), TUTORIAL (2016 – 2020)
3. ERASMUS + 573640-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP TUTORIA « Азиядағы еңбек гигиенасы мен қоршаған орта гигиенасы саласындағы инновациялар, білім және ғылым жөніндегі желіні нығайту » — Strengthening Network in Education, Research and Innovation in Environmental Health in Asia» (TUTORIAL) еңбек гигиенасы және қоршаған орта гигиенасы бойынша магистратураны әзірлеу бойынша 2016-2020жж.
4. ERASMUS + Еуропалық Комиссияның Білім, мәдениет және аудиовизуалды мәселелер жөніндегі Атқарушы Агенттігі “SPRING 609528-EPP-1-2019-1-GE-EPPKA2-CBHE-JP”
5. Licence, Master professionnels en formation ouverte et à distance pour le management stratégique de la qualité et la gestion des risques en santé en Russie, au Kazakhstan et en Azerbaïdjan– LMQS ERASMUS (Project N° 618860-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP)
Ғылыми жарияланымдар 70-ке жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 2 монография, 1 оқулық, 10 оқу құралы, сондай-ақ 2 әдістемелік ұсынымның авторы және бірлескен авторы болып табылады. Ол түрлі республикалық, халықаралық конференцияларда, конгрестер мен симпозиумдарда 30-дан астам ғылыми баяндама жасады. (Хирш индексі-1)
Марапаттау: ҚР БҒМ және С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Құрмет грамотасымен.
Толғанбаева Камшат Ақжанқызы
медицина магистрі (MSc), кафедра лекторы

Камшат Акжановна С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 2007 жылы «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығын бітірген. 2009 жылы медицина магистрі ғылыми дәрежесін алды.
Кәсіби және еңбек қызметінің тәжірибесі:
2007-2014 жылдар аралығында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы, әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу және БМСК бағдарламаларының үйлестірушісі.
2014 жылдан бастап қазіргі таңда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының лекторы болып қызмет атқарады.
Келесі ғылыми жобаларға қатысты:
1. “SPRING 609528-EPP-1-2019-1-GE-EPPKA2-CBHE-JP” ERASMUS + Еуропалық Комиссияның Білім, мәдениет және аудиовизуалды мәселелер жөніндегі Атқарушы Агенттігі.
2. Licence, Master professionnels en formation ouverte et à distance pour le management stratégique de la qualité et la gestion des risques en santé en Russie, au Kazakhstan et en Azerbaïdjan– LMQS ERASMUS (Project N° 618860-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP)
3. Алматы және Қызылорда облыстарының пилоттық аудандары үшін МСАК-тың интеграцияланған моделі технологиясын әзірлеу және ғылыми негіздеу (12.01.16 ж. 0116РК 00010)
Ғылыми жарияланымдар:
Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық басылымдарда (ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған) жарияланған 20-дан астам ғылыми еңбектің, 1 Халықаралық мақаланың (Walailak Journal of Science and Technology Scopus Indexed Journal), сондай-ақ 3 оқу-әдістемелік ұсынымның авторы.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады.
Куәлік
«Пәнаралық тәсіл негізінде жобалық интеграцияланған оқыту» инновациялық – білім беру технологиясын әзірлеушілердің бірі болып табылады (2020 жылғы 9 маусымдағы №10639 авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік (Кошербаева Л., Кумар А., Абикулова А., Толганбаева К., Хожамкул Р.).
Марапаттау: 2018 жылы университеттің дамуына қосқан үлесі, ғылыми, әдістемелік және әкімшілік ұйымдастыру қызметіндегі жетістіктері үшін университет ректорының алғыс хаты алынды.

Жорабек Сая Бауыржанқызы
медицина магистрі (MSc), каферда ассистенті

Сая Бауыржанқызы 2020-2021 жылдары Алматы қаласының №19 қалалық емханасында эпидемиолог болып жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді.
«Foundations for Global Health Systems course» циклі бойынша 2022 жылы біліктілігін арттырды.

Төлегенова Айдана Мирамбекқызы
медицина магистрі (MSc), каферда ассистенті

Айдана Мирамбекқызы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында дәрігер-статист болып жұмыс істеген.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді.
«Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару», «Foundations for Global Health Systems course» циклі бойынша 2022 жылы біліктілігін арттырды.

Кульжанов Максут Каримович
медицина ғылымдарының докторы, профессор
1972 жылы Қарағанды медициналық институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Обоснование проблем реформирования здравоохранения в переходный период», (1993); профессор (2004); профессор Virginia Commonwealth University (АҚШ, 2004). Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директор; Қазақстандық қоғамдық денсаулық сақтау мектебі ректоры; Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, гигиена ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, денсаулық сақтауды жоспарлау және болжау департаментінің бастығы; ғылыми қызметкер;
– UNAIDS басқарма мүшесі, 2015-2017;
– ДДҰ Атқару Комитетінің мүшесі 2001 – 2004, 2014-2018;
– ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күреске арналған Жаһандық Қордың стратегия, Инвестициялар және ықпал ету жөніндегі жұмыс комитетінің мүшесі, 2011 – 2013;
– ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық Қордың Басқарма мүшесі, 2010 – 2012;
– Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді дамыту жөніндегі кеңестің Басқарма мүшесі (COHRED), 2001 – 2008;
– Халықаралық Орталық Азия Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер журналының бірлескен редакторы, 2000-2011;
– Қазақстанның білім беру және медициналық мекемелерінде оқытушылық және сараптамалық қызмет жүргізеді;
– ASPHER, APACPH директорлар кеңесінің мүшесі, 2002-2004;
– Еуропалық аймақтың қоғамдық денсаулық сақтау мектептері қауымдастығының Басқарма мүшесі, 2013–2016;
– Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары Ұлттық қауымдастығының президенті, 2002-2010;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық денсаулық сақтау палатасының президенті, 2012-2014;
– «Республикалық Медициналық Палата» ҚБ басқарма төрағасы, 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін
«Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті» кафедрасының профессоры болып 2022 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді.
Құрақбаев Құралбай Құрабаевич
медицина ғылымдарының докторы, профессор
Құралбай Құрақбайұлы өнертабысқа патенттердің және авторлық куәліктердің, монографиялар мен халықаралық және республикалық медициналық басылымдарда жарияланған 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. 2018 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі республикалық және өңірлік штабтардың мүшесі, 2020 жылдан бастап МӘМС Қоғамдық-Консультативтік кеңесінің мүшесі, 2021 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау ардагерлері кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (1995 ж.), «КСРО Денсаулық сақтау үздігі», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі» (1997 ж.) және «Денсаулық сактау саласына қосқан үлесі үшін» (2004 ж.) төсбелгілерімен, ҚР 20-жылдығы мерейтойлық медалімен (2011 ж.), ҚР 30-жылдығы (2021 ж.), «Құрмет» орденімен (2013 ж.) марапатталған.
Байльдинова Клара Женисовна

Байльдинова Клара Женисовна 1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандын үздік бітірді.
«Қаржы менеджменті» және «Шет тілі» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.
1991 жылдан 1993 жылға дейін «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды.
1993 – 2007 жылдары ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 10 жылдан астам уақыт бойы кафедрада шетелдік студенттерді оқытуға және ағылшын тілінде құжаттама жүргізуге жауапты болды.
2007-2012 жылдары инновациялық технологиялар және оқыту сапасын мониторингілеу бөлімінің, білім берудегі үздіксіз кәсіби даму және зерттеулер орталығының бастығы болып жұмыс істеді.
2012-2017 жылдары Семей қ. ММУ сапа және үздіксіз білім беру жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. 14.00.33 Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияның тақырыбы «Медициналық ЖОО-да кадрлар даярлауды жетілдірудің ұйымдастырушылық тәсілдері».
2017 жылдың қазан айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Академиялық қызмет жөніндегі проректоры болып тағайындалды.
2005 жылдан бастап Израильде, Ұлыбританияда, Данияда, Малайзияда дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі медициналық білім беруді ұйымдастыру, аккредиттеу мәселелері бойынша оқудан өтті.
Маукенова Алтынай Аманбаевна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (ҚарМУ) бітірген. 1996 жылдан 1999 жылға дейін ҚарМУ аспирантурасында оқыды. 1999 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2014 – 2016 жылдары – «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі. 2018 жылдан бастап «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының доценті.

Әдістемелік жұмыс. ҚазҰМУ-дағы бакалавриат деңгейіндегі «Менеджмент» және «Менеджмент», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», «МВА/ЕМВА Денсаулық сақтаудағы менеджмент» ғылыми-педагогикалық бағыт білім беру бағдарламаларын (ББ) әзірлеуші.

«Денсаулық сақтаудағы менеджмент», «Мейіргер ісі» ББ бойынша магистратураға түсу тест тапсырмаларын әзірлеу және сараптау бойынша ҚР БҒМ Ұлттық тест орталығының әзірлеушісі және сарапшысы болып табылады.

Ғылыми қызмет. Licence, Master professionnels en formation ouverte et à distance pour le management stratégique de la qualité et la gestion des risques en santé en Russie, au Kazakhstan et en Azerbaïdjan– LMQS ERASMUS (project N° 618860-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP)

80-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 1 монографияның, денсаулық сақтау экономикасы, денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг бойынша 13 оқу құралының авторы және тең авторы, түрлі республикалық және халықаралық конференцияларда 20-дан астам ғылыми баяндамалардың қатысушысы болып табылады. Авторлық құқық объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар: 13.01.2016 жылғы №0064 «ҚазҰМУ оқытушысы құзыретінің моделі» (бірлескен авторлықта). 07.06.2023 ж. №36909 «Денсаулық сақтаудағы “үнемді өндіріс” бизнес-процесін енгізуге жүйелі көзқарас» (бірлескен авторлықта).

ҚР ДСМ алғыс хатымен марапатталған.

Тусупбекова Сандугаш Кайраткызы

Кафедра оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі
Сандуғаш Қайратқызы 2005 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ (магистратура) бітірген.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 10 жыл деканның орынбасары және 3 жыл академиялық жұмыс департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Білім беру, білім берудегі менеджмент саласындағы сарапшы болып табылады.
Сондай-ақ ғылыми жобалардың мүшесі және жетекшісі:
1.«SPRING 609528-EPP-1-2019-1-GE-EPPKA2-CBHE-JP» ERASMUS+

2. Licence, Master professionnels en formation ouverte et à distance pour le management stratégique de la qualité et la gestion des risques en santé en Russie, au Kazakhstan et en Azerbaïdjan– LMQS ERASMUS (Project N° 618860-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP).
ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі бар (2019)
Ғылыми жарияланымдардың тақырыптары:
1. Атмосфералық ауаның (Қазақстан Республикасының) Қылмыстық ластануының объективті жағы.
2. Атмосфералық ауаның (Қазақстан Республикасының) Қылмыстық ластануының жауапкершілігін жетілдіру шаралары.
3. Атмосфералық ауаның ластануының себептері мен салдары.
4. Халықаралық адам құқығы саласындағы заңнаманы құрудың тарихи негіздері.
5. Қазіргі құқық көздерінің ерекшеліктері.
6. «The role of an international agreement in the regulation of interstate relations in the field of environmental protection» (Thomson Reuters/Scopus).
7. The impact of minimal alcohol price policy on premature CVD mortality in Kazakhstan//EUROPEAN HEART JOURNAL. Том: 41. Стр.: 57-57. Impact Factor -22.6.