Білім беру бағдарламалары

Кафедрада келесідей білім беру бағдарламалары әзірленді:

7M10102 – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» ғылыми-педагогикалық бағыт,

7М10101 – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» профильное направление.

7М10103 – «Жаһандық денсаулық және денсаулық сақтау» ғылыми-педагогикалық бағыт,

7М04102 – МВА Денсаулық сақтаудағы менеджмент (2 жылдық),

7М04103 – ЕМВА Денсаулық сақтаудағы менеджмент (1 жылдық),

7М04103-ЕМВА «Денсаулық сақтаудағы бизнесті әкімшілендіру».

 

ҚазҰМУ мен SDU University арасындағы екі дипломды MBA және EMBA «Денсаулық сақтау менеджмент» (7М04102 және 7М04103) бағдарламасы. 2022 жылы іске қосылған бұл бірлескен бағдарлама денсаулық сақтау саласындағы басқарушылық білім беруді дамытудағы маңызды қадам болды. Бағдарламаның бірегейлігі түлектер екі жоғары оқу орнының, яғни SDU University мен ҚазҰМУ-дың қос дипломын алуында. Бұл өз кезегінде түлектерге жаңа мансаптық мүмкіндіктер мен халықаралық деңгейдегі кәсіби өрлеу жолдарын ашады.

 

 

Кафедра қызметкерлері шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысқан:

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы кең ауқымды елдерді қамтиды: София медицина университеті (Болгария, 2023), Лихай университеті (АҚШ, 2023), Каунас университеті (Литва, 2023), Сун Чон Хян университеті (Оңтүстік Корея, 2023), Hyundai General Hospital (Оңтүстік Корея, 2024), Université Côte d’Azur (Франция, 2024), Самарқанд мемлекеттік медицина университеті (Өзбекстан, 2025). Сондай-ақ Астана және Шымкент медицина университеттерінде ішкі академиялық ұтқырлықтан өткен.

 

 

Кафедра қызметкерлерінің конференцияларға қатысуы:

  • Абуали ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті ұйымдастырған «Ғылым және инновациялар күндері» конференциясында ауызша баяндама;
  • Кафедра меңгерушісі 2021, 2022, 2023, 2024 жылдары HTAi ұйымдастырған Workshop Virtual бағдарламасында спикер ретінде «Табысы төмен және орташа елдерде денсаулық сақтау технологияларын бағалауда дәлелді ақпаратқа негізделген сараптамалық үдерістерді қолдану» тақырыбында, соның ішінде «Evidence-Informed Deliberative Processes-тің практикалық қолданылуы – Қазақстандағы консультативтік комитеттің/мүдделі тараптардың рөлі» тақырыбында баяндама;
  • Кошербаева Л.К. Canadian Conference on Global Health конференциясында (Delta, Ottawa & virtual, 24–26 қараша 2021) постерлік баяндама жасады. Тезис атауы: «Қазақстандағы денсаулық сақтау саясатын саларалық және өңірлік тұрғыдан бағалау»;
  • Карабалин С.К., Сейдуанова Л.Б., Рымбаева Д.М., Марат Н.Б., Толганбаева К.А. «COVID-19 ошағында жұмыс істейтін мобильді бригадалардың дәрігерлерінің психофизиологиялық статусының жағдайы» тақырыбындағы баяндама. «COVID-19. Қолайлы еңбек жағдайлары, эпидемияға қарсы режимді сақтау, әлеуметтік қорғау – персонал денсаулығының қауіпсіздігі кепілі» атты халықаралық қатысумен өткен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2021 жылғы 7 қазан, Көкшетау қаласы;
  • Сейдуанова Л.Б., Манкеев А.М., Ршымбетов М.К. «Ірі кәсіпорындардың медицина пункттерінде COVID-19-бен ауырған тұлғаларды оңалту мәселелері» атты баяндама. «COVID-19. Қолайлы еңбек жағдайлары, эпидемияға қарсы режимді сақтау, әлеуметтік қорғау – персонал денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі» атты халықаралық қатысумен өткен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2021 жылғы 7 қазан, Көкшетау қаласы;
  • Сейдуанова Л.Б., Ережепова Г. Баяндама тақырыбы: «Стоматология факультеті студенттері арасындағы сауалнама нәтижелері бойынша білім беру үдерісінің ерекшеліктері». 2021 жылғы Ғылым күніне арналған онлайн-конференция және ғылыми жұмыстар байқауы. «Қазақстан-Ресей медицина университеті», Алматы қаласы;
  • Абиева А.А., Сейдуанова Л.Б. «Зертханадағы биологиялық қауіп-қатерлерді басқару жүйесін бағалау». «Ғылым және денсаулық» тақырыбындағы халықаралық қатысумен өтетін жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 2021 жылғы 19 қараша, Семей қаласы.
  • Имаматдинова А.М. «Ғылым: кеше, бүгін, ертең» халықаралық ғылыми конференциясында баяндамамен (Ақтөбе, 2022)
  • Имаматдинова А.М. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік жас ғалымдар–2022» жобасына қатысқаны үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Үздік жас ғалым–2022» төсбелгісімен марапатталды.
  • Кошербаева Л.К. «Health Technology Assessment International» халықаралық конференциясы аясында «Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда денсаулық сақтау технологияларын бағалау әлеуетін арттыру» тақырыбындағы пленарлық сессияға қатысты (Аделаида қаласы, Австралия, 2023).
  • Толегенова А.М. Алматыда өткен «Asfen.Forum, жаңа буын» 1-халықаралық форумында баяндамамен (2023).
  • Толганбаева К.А., Толегенова А.М. «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі қоғамдық денсаулық сақтау» халықаралық конференциясында баяндама жасап қатысты (Алматы, 2024).
  • Қошербаева Л.К. Инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгрессте баяндама жасап қатысты (Алматы, 2025).
  • Кошербаева Л.К., Кульжанов М.К. Жаһандық денсаулық сақтауды реформалау жөніндегі өңірлік семинарға қатысты (Иордания, 2025).

 

 

ҚР ҒЖБ-ның шетелдік мамандарды тарту бағдарламасы аясында кафедрада келесі  келді:

– MD, MScIH, PhD Lorena Dini, Charity-University Medicine, Berlin, Germany. Бағдарлама тақырыбы: «Strengthening health systems: improving population health and being prepared for the unexpected»;

– MScIH, PhD Giselle Sarganas, Charity-University Medicine, Berlin, Germany. Бағдарлама тақырыбы: «Long-term and recent trends in non-communicable diseases: prevention, management and control»

– MD, PhD, Professor Kastytis Smigelskas, Lithuanian University of Health Sciences, Kaunas, Lithuania. Бағдарлама тақырыбы: «Population-Based Approaches to Mental Health»;

– PhD, Vaičiulis Vidmantas, Lithuanian University of Health Sciences, Kaunas, Lithuania. Бағдарлама тақырыбы «Оценка систем здравоохранения в рамках принципов устойчивого развития в области медиицины».

– Alexander Wagner, BIOTRONIK SE & Co. KG (Center for Clinical Research), Berlin, Germany. Бағдарлама тақырыбы: «Technology for the development and implementation of AIS (statistical analysis systems)».