Нутрициология кафедрасында Жыл басы «Наурыз» мейрамы атап өтілді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәлім-тәрбиелік мәні зор халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ұлттық дәстүрі мен мәдениетін жастарға кеңінен насихаттау мақсатында доцент Қожахметова А.Н., оқытушы Ергешбаева Р.Б. ұйымдастыруымен «Армысың әз-Наурыз» іс-шарасы өткізілді. Наурыз мерекесі ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз “Халықаралық Наурыз күні” болып аталып келеді. Ал UNESCO ұйымы 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын «адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» тізіміне кіргізген.
Студенттер наурыз мерекесіне орай, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен арнайы видеоролик көрсетіп, ойындар ойнап, ән-жырларымен концерттік бағдарлама ұсынды. Шара барысында көрермен студенттер наурыз мерекесіне орай қызықты викториналармен білімдерін шыңдады.. Шара соңында кафедра меңгерушісі Қайнарбаева М.С. рухани құндылықтарды дәріптейтін шаралар үлкен мәдениетті қалыптастыратыны мен жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс 001-1,2; 002-1,2 топ студенттеріне мерекелік көңіл -күй сыйлағандары үшін алғысын білдірді.