«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»

2022 жылғы 20 қыркүйекте С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің “Қоғамдык денсаулық” кафедрасында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтын «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған ашық сабақ болып өтті. Кафедрасының меңгерушісі Кожекенова Жанат Асетовна, оқу ісінің меңгерушісі Бегимбетова Гульшат Алтаевна, тәрбие жұмысына жауапты оқытушы Кусайынова Эльмира Избасаровна және 3 курс қоғамдық денсаулык сақтау мамандығының студенттерімен өткізілді.
Ашық сабаққа қатысушылар елімізді одан ары дамыту мен оның азаматтарының өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған Президент Жолдауын бірауыздан қолдады және осы міндеттерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.