Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы

Тұрақты даму мақсаттары

2026 жылғы 06–17 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С.Д. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да Ташкент мемлекеттік медицина университетінің «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша магистранттары Сабурова С.Е., Жумаева Х.Ш. білім алуда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Маханбеткулова Д.Н. магистранттарға Тұрақты даму мақсаттарының №3 «Денсаулық пен әл-ауқат» және №5 «Гендерлік теңдік» тақырыптары бойынша дәріс өткізді.

Дәріс білім алушылардың денсаулық сақтау саласындағы жаһандық міндеттерді түсінуін қалыптастыруға, медициналық қызметкерлердің тұрақты дамуға қол жеткізудегі рөліне, сондай-ақ тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, гендерлік теңдік және халық денсаулығын нығайтудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды. Денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен денсаулық сақтау жүйесіндегі теңсіздікті азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дәріс барысында медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінде Тұрақты даму мақсаттары қағидаттарын іске асырудың заманауи тәсілдері қарастырылды.


Литвада магистранттарға арналған ғылыми тағылымдамадан өту

«Мейігер ісі» мамандығы бойынша магистранттар Серік Майра, Әбдірәсіл Жансая Литва денсаулық ғылымдары университетінде LSMU, Литва, Каунас, Эразмус+ бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: Қазақстандағы мейірбике ісі бойынша оқыту және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін одан әрі жетілдіру және дамыту үшін магистранттар мен докторанттардың құзіреттіліктерін дамытуға қызығушылықтарын арттыру.