Жұмыс берушілермен кездесу

2023 жылдың 30 мамырында “Қоғамдық денсаулық” кафедрасының меңгерушісі Ж. А. Қожекеновамен, “Қоғамдық денсаулық сақтау” БББК төрағасы М. А. Рамазановамен, “Нутрициология” кафедрасының доценті А. Н. Қожахметовамен, Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен – бас санитарлық дәрігер К. Алпысбаевпен, бас санитарлық дәрігердің орынбасары А. Т. Қалықовамен және бас санитарлық дәрігердің орынбасары Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының директоры Н.В. Диагилевамен кездесу өтті. Кездесу барысында медициналық-профилактикалық іс мамандарын даярлау, “Медициналық-профилактикалық іс” білім беру бағдарламасы түлектерінің құзыреттілігі туралы мәселелер талқыланды.