Кездесу барысында А.Б. Калибекова эпидемиология саласының қажеттілігінің маңыздылығы туралы және елімізде болған эпидемиялық жағдайлардың қалай өткендігі туралы баяндалды. Отырыс барысында COVID-19 қалай күрескендіктері, сол кездегі эпид ахуалдың жағдайымен қазіргі кезеңдерін салыстыра отырып, қаншалықты өзгерістер мен жаңартулар болғандықтары айтылды.
Бұл саланы таңдаған болашақ мамандардың қандай қызметтер атқаратыны, жауапкершіліктері, нормативті-актілермен жұмыс істеулері туралы толық ақпараттар берілді.
Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлермен алмасты.