Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы
Кафедраның орналасқан жері: Масанчи көшесі 40. Расположение кафедры: ул. Масанчи 40. №5 аудиториялық корпус, 2-қабат, 208, 215 кабинеттер.
Кафедраның байланыс мағұлматтары:
Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының меңгерушісі ф-м.ғ.к., доцент Аймаханова А.Ш..: +7(727)3387309, ішкі телефон: 7309
Кафедра телефоны: +7(727)3387343, ішкі телефон: 7343
Кафедра туралы
Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы 2015жылдың 16 қыркүйегі №3494 бұйрықпен құрылды.
Кафедраның меңгерушісі Аймаханова Айзат Шалхарқызы. Кафедраның құрамында 4 доцент, 4 дәріскер, 5 ассистент және 1 лаборант, оның ішінде 3 PhD докторы, 2 ғылым кандидаттары бар.
Кафедрада оқу үрдісі үш деңгейде: бакалавр, магистратура және докторантура. «Фармация», «Фармация өндірісінің технологиясы», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Стоматология», «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандығының студенттері және барлық мамандықтағы бірінші курс магистранттары мен докторанттары білім алады. Преподаются дисциплины «Биологиялық статистика», «Математика», «Биоэтика», «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру», «Ғылыми зерттеулер методологиясы», «Биостатистика. Жетілдірілген курс». Оқу кредитті жүйе бойынша жүргізіледі.
Әріптестер оқу үрдісіне инновациялық технологиялар мен интерактивті оқу әдістерін енгізуде. Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды.