2018 жылдың 12 сәуір күні Еңбек гигиенасы және медицинасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсымен нутрициология кафедрасының ұйымдастыруымен 6 аудиторияда сағат 11.00-де Ғылым күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шара Еңбек гигиенасы және медицинасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсымен нутрициология кафедрасының меңгерушісі Қайнарбаева М.С., кафедра доценттері мен оқытушылары және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 курс студенттері мен «Жалпы медицина» 2 курс топ студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, ғылымға деген құрмет, мемлекетіне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялату.
Студенттер арасында сайыстар өткізілді. Белсене атсалысқан қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.