Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

2023 жылы 7 сәуірде сағат 12.00-13.30 аралығында № 4 дәріс залында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Х.Досмухамедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-2 курс білім алушылары арасында “Рухани жаңғырту” бағдарламасы аясында «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбындағы ұлттық құндылықтарды жаңғыртушы Мұстафа Өзітүріктің ізін жалғастырушы шәкірті, таэквондодан қара белбеу иегері, бокстан спорт шебері, ақын, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, шебер Нұрлыбек Бұлжанов Рәбілұлымен кездесу өтті. Кездесудің модераторы Э.И. Құсайынова және «Қоғамдық денсаулық», «Нутрициология», «АИТВ аурулары курсы бар эпидемиология» кафедрасының ұжымы. Кездесуді Әлеуметтік-тәрбие жұмыстар департаментінің басшысы С.К.Махмутов ашып берді,сонымен қатар Нұрлыбек Рәбілұлының ақындық жетістіктері мен университетіміздің мұражайына сыйға тартқан «Бейбітшілік» атты шоқпарының тарихымен студенттерді мұражай басшысы Бақанай Амантайұлы таныстырып өтті. Сонымен кездесу барысында студенттер Нұрлыбек Рәбілұлының спорт,ақындық,шеберлік жетістіктері туралы сұрақтар қойды. Кеш соңында қонағымыз қонақ кәде ретінде өзінің ән шашуын кездесу қонақтары мен студенттерге арнады. Кештің қортынды сөзін доцент Бегимбетова Г.А мен әскеи дайындық кафедрасының офицері Нұрлан Сыбанбекұлы осы кездесудің ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тамаша бір септігін тигізе отырып, рухани керемет байлыққа кенелгендерін, Нұрлыбек Рәбілұлына ақ тілектерін жаудыра отырып,ол кісінің жұмысына табыс,әрқашан тек жетістікке жете отырып, жастарға берері көбейе берсін деген тамаша тілекпен сөздерін аяқтады.