Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс-шара өткізілді

2018 жылдың 9 наурыз күні Еңбек гигиенасы және медицинасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсымен нутрициология кафедрасының ұйымдастыруымен 6 аудиторияда «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сағат 11.00-де 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шара Еңбек гигиенасы және медицинасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсымен нутрициология кафедрасының меңгерушісі Қайнарбаева М.С., кафедра доценттері мен оқытушылары және «Жалпы медицина» 2 курс топ студенттерінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, анаға, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасының аясында жүргізілген шарада мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде презентация, бейнебаяндар арқылы студенттерге мерекенің алғаш тойлану тарихы туралы ақпарат берілді. Студенттер арасында сайыстар өткізілді. Белсене атсалысқан қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.