Оқу үрдісі

«Мейіргер ісі»  кафедрасының оқу процесі студенттерді болашақ мейіргерлік тәжірибеге дайындауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтиды. Оқу процесіне дәріс, практикалық сабақ, клиникалық тәжірибе, семинарлар мен талқылаулар, студенттердің жеке жұмысы, емтихан мен аттестациялау кіреді. Кафедрадағы оқу процесі қатаң түрде реттеледі және студенттерден жоғары академиялық жауапкершілік пен тәртіпті талап етеді. Ол студенттерге медицина саласында табысты жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларды береді.


2026 жылдың 6-18 сәуір аралығында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мейіргер ісі кафедрасының мамандары- кафедра меңгерүшісі Махамбеткулова Д.Н., ас. профессорлер Сейдуманов С.Т. және Индершиев А.М. И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында сапарда болды.Бұл сапар оқұ  орындардың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде халықаралық серіктестікті дамыту және медбике мамандарын даярлауда тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Сапар барысында академия басшылығымен, профессорлық-оқытушылар құрамымен және кәсіби қоғамдастық өкілдерімен- ҚММА ректоры проф. Құдайбергенова Д.О., жоғары мейіргерлік  білім берү факультетінің деканы Кулукеева А.Т., мейргер ісі кафедрасының меңгерүшісі доцент Құрманалиева З.Б., қоғамдық денсаулық  кафедрасының меңгерүшісі проф. Айдаров З.А., Қырғыз халықаралық университетінің МІ  кафедрасының меңгерүшісі доцент Күшбакеева А.К тағы басқа мамандармен кездесулер болды. Мейіргер ісі бойынша білім беруді жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу, мейіргерлерді оқыту сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ҚММА-мен серіктестік аясында Қырғызстанда ресми сапармен келген Павислян қолданбалы ғылымдар академиясының (Гданьск қ., Польша) ректоры проф. Katarzyna Strala-Osuch  кездесу және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ҚММА мейіргер ісі мамандығының әртүрлі курстарының студенттеріне замануи технологиялары және мейіргер ісінің қазіргі жағдайы туралы дәрістер оқылды.

Біздің сарапшылар сапар кезенінде өткен «ҚММА Ғылым күндері- 2026» аясындғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Қырғызстандағы мейіргерлердің оқыту жүйесі туралы әрі қалай түсінік алу үшін Бішкек медициналық колледжімен танысу өтті. Ол мекемеде басшылығы және қызметкерлерімен кездесу, мейірбике кадрларын даярлаудың білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ ұйымның материалдық-техникалық базасымен және инфрақұрылымымен танысты.

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мейіргер ісі кафедрасының бастамасымен ұйымдастрырылған «Орталық Азия елдеріндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мейірбикелерінің тәжірибесі» атты  жобасын іске асыру бойынша семинар және кездесу ұйымдастырылды. Семинарға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның мамандары қатысты.

Сапар қорытындысы бойынша ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, инновациялық білім беру шешімдерін енгізу туралы келісімдерге қол жеткізілді.


2026 жылғы 25 сәуірде «Мейіргер ісі» кафедрасында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Мейіргер ісіндегі цифрлық технологиялар» тақырыбында ғылыми үйірме отырысы өткізілді. Іс-шара «Аксай» клиникасы базасында студенттер, магистранттар және докторанттардың қатысуымен ұйымдастырылды.

Отырыс барысында денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізудің өзекті мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, орта медициналық персонал қызметінде медициналық ақпараттық жүйелерді пайдалану, сондай-ақ мейіргерлік практикада жасанды интеллект пен аналитикалық құралдарды қолдану перспективалары талқыланды.

Цифрландыру жағдайында мейіргерлік көмектің сапасын арттыру, практикалық кейстерді талдау және білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларының деңгейі артқаны, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығының күшейгені атап өтілді.


Ассистент Сартаева Дилара Сериковна

Ассистент Алимкулова Малика Юнусқызы

Ассистент Иманбек Бағымжан Кеңесқызы

📅 19.03.2025 ж. «Геронтологиядағы мейіргер ісі» пәні бойынша маңызды тақырыпқа арналған ашық сабақ өтті. Мейіргер ісі кафедрасының лекторы Садақбаева Гүлім Қуанышқызы студенттерге «Пациенттерге және олардың ата-аналарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету. Туыстарына қарт адамдарға күтім жасау дағдыларын үйрету» тақырыбында дәріс жүргізді.

🔹 Сабақтың ерекшелігі – теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, студенттердің қарияларға күтім жасау және олардың жақындарына психологиялық қолдау көрсету дағдыларын жетілдіруі.

🔹 Топ: МІ 24-017к

🔹 Оқыту тілі: қазақ тілі

🔹 Оқыту әдісі: рөлдік ойын

💡 Рөлдік ойын әдісі арқылы студенттер қарт адамдарға күтім жасаудың маңызды аспектілерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, науқастармен және олардың туыстарымен қарым-қатынас орнату жолдарын үйренді.

📢 «Геронтологиядағы мейіргер ісі» пәні бойынша өткен ашық сабақ барысында МІ24-017 тобының студенттері белсенділік танытып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.

🏅 Импровизациялық рөлі үшін Мұхамеджанова Меру Ерғалиқызы мен Мыржақыпова Сауле Муратовна, Мұхтарилова Гүлнұр Ғазизовна марапатталды!

Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз! 🌿