“SAKURA SCIENCE” бағдарламасы бойынша тағылымдама

2024 жылдың 28 қаңтарынан 3 ақпанына дейін “SAKURA SCIENCE Exchange” бағдарламасы аясында, Цукуба, Жапония, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті Жакупова Майя Нурдаулетовнаның мен қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттері 4 курс Қонысбай Жамбыл мен 2 курс студенті Гүлназ Сармолдинаның сапары аяқталды.

Бағдарлама қоғамдық денсаулық сақтаудағы заманауи технологиялар мен инновацияларға, олардың медицинаны дамытудың қазіргі кезеңіндегі рөлі мен негізгі бағыттарына, халықаралық ұйымдастыру стандарттарына, әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға, Жапония мектептерінде балаларға тамақтануды ұйымдастыруға арналды. Бағдарлама аясында Honjo life safety learning center Tokyo, Fire Department Honjo Disaster Prevention Hall, JAXA, Oho Health Center, Tsukuba Sukoyaka Meal Servise Center Toyosato ұсынылды.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қатысушылар “SAKURA SCIENCE” тағылымдама бағдарламасын іске асыруды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, одан әрі ынтымақтастық пен әріптестік туралы тілектерін білдірді.