Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 12 «Жауапкершілікпен тұтыну және өндіру» мақсатын іске асыру аясында «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасының бастамасымен макулатура мен пластикті бөлек жинау ұйымдастырылды.
Кафедраның тәрбие жұмысы аясында кафедра меңгерушісі Аймаханова А.Ш., оқытушылар Аширбекова А.К. мен Мартыкенова Д.С., сондай-ақ «Қоғамдық денсаулық» мамандығының ОЗ26-001 және ОЗ26-002 топтарының 1-курс студенттері студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға бағытталған бастаманы бірлесіп ұйымдастырды.
Бастаманы жүзеге асыру үшін қалдықтар мен қайталама шикізатты бөлек жинаумен айналысатын Ecosen ұйымымен келісімшарт жасалды. Ынтымақтастық аясында Ecosen макулатура мен пластикті жинауға арналған арнайы контейнерлер ұсынды.
Контейнерлер Желтоқсан көшесі, 37а мекенжайындағы оқу корпусының 4-қабатында орнатылған.
Алғашқы нәтижелеріміз: оқу жылының басынан бері студенттер мен қызметкерлердің белсенділігінің арқасында 115 кг макулатура жиналып, тапсырылды!
Бастамаға қатысу студенттерге жауапты тұтыну қағидаларын күнделікті өмірде қолдануға және қоршаған ортаны қорғауға қосатын жеке үлесін түсінуге көмектеседі.
Университет студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін қалдықтарды бөлек жинауға қатысып, контейнерлерді таңбалануына сәйкес пайдалануға шақырамыз.
Экологиялық жауапкершілік әрқайсымыздың қарапайым әрекеттерімізден басталады!



