Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша 4-курс студенттерінің өндірістік практикасы аяқталды.
Практика 2026 жылғы 26 наурыз бен 27 сәуір аралығында өтті. Практика барысында студенттер теориялық білімдерін бекітіп, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және қоғамдық денсаулық сақтау саласында практикалық дағдыларға ие болды.
Практика қорытындысы бойынша студенттер орталық базасында дифференциалды сынақты сәтті тапсырды. Білім алушылардың білімдері мен дағдыларын бағалауға орталық басшылығы, оның ішінде филиал директоры, сондай-ақ профильдік кафедра өкілдері қатысты.
Студенттерді практиканың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тілейміз!




