«Мейірбике ісі саласындағы магистратура мен докторантурада бағалау критерийлерін жетілдіру бойынша Ғылыми комитеттердің әлеуетін құру» шеберлік сыныбы (Утрехт, Нидерланды).

2023 жылғы ақпанның 27-сінен 3-ші наурыз аралығында Утрехт университетінің медициналық орталығында (Утрехт, Нидерланды) «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейірбике ісін жетілдіру (AccelEd)» жобасының 2.4 жұмыс пакетінің аясында «Мейіргер ісі бойынша магистратура мен PhD докторантурасын жетілдіру бойынша Ғылыми комитеттерін құру мен әлеуетін арттыру» атты мастер-класс өткізілді.
Аталған мастер-класс Қазақстанның медицина университеттерінде мейіргер ісі бойынша магистрлік және PhD докторлық диссертацияларды бағалауды жақсарту бойынша төмендегі үш негізгі бағыттарды біріктіріп, қорытындылап, бекітуге бағытталған, атап айтқанда: а) бағалау критерийлері; б) бағалау процедуралары бойынша нұсқаулықтары; в) әдістемелік нұсқаулар, яғни мейіргер ісі бойынша магистрлік және PhD докторлық диссертацияларды бағалау бойынша Ғылыми комитеттерін құру.
Мастер-класқа серіктес қазақстандық және еуропалық университеттерден 33 қатысушылар, оның ішінде ғылыми қызметкерлер, студенттер мен мейіргер ісі саласындағы сарапшылар қатысты. ҚазҰМУ командасының өкілеттілігі құрамында Жобаның әкімшісі және ұлттық үйлестірушісі Хасенова Асель Жаңабекқызы, «Мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі Динара Нұрғалиқызы Маханбеткулова, «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша Ғылыми комитет төрайымы Жанат Асетқызы Кожекенова, «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша Ғылыми комитет төрайымының орынбасары Айтманбетова Ақмарал Аршабайқызы болды.
Магистрлік және PhD диссертацияларын бағалау критерийлері мен процедуралары бойынша әдістемелік нұсқаулар, сонымен қатар Ғылыми комитеттерінің құрамы белгіленді.
Жобаның серіктес университетері мастер-класс нәтижелерін енгізу мен таратуды іске асыру сатыларын, оның ішінде әзірленген магистрлік және PhD докторлық диссертацияларды бағалау критерийлерін, бағалау тәртібі бойынша нұсқаулықты, оның ішінде «мейірбике ісі» мамандығы бойынша ғылыми комиссияларын құруды талқылады. Сонымен қатар Қазақстандық қатысушылар өз университеттерінде мастер-класс нәтижелерін енгізу жоспарларымен бөлісті