Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: – Біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да құзыреттердің оңтайлы ара қатынасын қамтитын болады.
«Creation and capacity building of Research Committees for assessment criteria improvement in Master and PhD nursing education» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру 27.02.2023 ж.бастап 03.03.2023 ж. дейін (40 сағат) «Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Маханбетқұлова Динара Нұрғалиқызы.
Кафедра оқытушылары көптеген курстарға, конференцияларға қатысып біліктілігін арттыруда
Халықаралық кездесу: ҚазҰМУ мен Цукуба университеті тәжірибе алмасты
2025 жылғы 20 наурызда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Мейіргер ісі кафедрасы Жапонияның Цукуба университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі заманғы медицинадағы өзекті мәселелер, кеңейтілген практикадағы мейіргерлердің рөлі және мейіргерлік істің даму перспективалары талқыланды. Қатысушылар тәжірибе, мәдени дәстүрлерімен бөлісіп, халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастырды.
Мұндай кездесулер академиялық байланыстарды нығайтуға және медициналық білімнің жаһандық дамуына үлес қосады!