Тәрбие жұмысы білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ЖММ-1 мектебінің 3-курс студенттеріне эдвайзерлік қызмет атқарады.
2026–2027 оқу жылында әлеуметтік-тәрбие жұмысы кафедра меңгерушісінің және тәрбие жұмысына жауапты Цапенко Т.В.-ның жетекшілігімен бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Тәрбие жұмысы аясында эдвайзерлер студенттердің академиялық үлгерімін арттыруға, оқуға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға бағытталған іс-шаралар өткізеді. Студенттер университеттің нормативтік құжаттарымен, соның ішінде «Академиялық саясат» және «Академиялық адалдық кодексімен» таныстырылды, сондай-ақ олардың негізгі талаптары мен сақталуына қатысты мәселелер талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және университеттің тиісті ішкі нормативтік құжаттарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Сонымен қатар эдвайзерлік жұмыс аясында студенттерге академиялық қолдау көрсету, оқу және оқудан тыс қызметті ұйымдастыру.












