2023 жылы қазанның 18 жұлдызында Х.Досмухаммедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының ұйымдастыруымен университет аясында Республика күніне арналған «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел өткізілді.
Шара «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2,3,4 курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты: Еліміздің болашағы студенттер арасында егеменді Қазақстанның өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастаған және қабылданған декларацияның Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналатыны және бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілгені жөнінде, сонымен қатар Қазақстанның егемендігі мен территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелгені туралы Қазақстан Республикасының кезеңдерінің тарихымен таныстыру болды.
Кешті Досмухаммедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің декан орынбасары Н.Н.Авганбаева студенттер мен кеш қонақтарын бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, Еліміздің тарихы туралы мәлімет берумен ашып берді. Кеш барысында тақырып бойынша презентация мен бейне баян көрсетіліп, кештің соңында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Тәрбие бөлім» басшысы Ж.Ә.Байгараев жастардың біздің Еліміздегі алатын орны мен Еліміздің тарихының маңыздылығын айқындап ашып берді.