Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедрада бағыттағы білім алушыларға оқыту жүргізіледі:

  • Х.Досмұхамедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Стоматология», «Фармация» мектептері бакалавриат студенттері; «Жалпы медицина» және «Педиатрия» факультеттерінің 7-курс интерндеріне «Денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары» пәні бойынша; магистранттар мен докторанттар.
  • Кафедрада 2020 жылғы 9 маусымында жобалық оқыту енгізіліп, №10639 авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік алынды (Кошербаева Л., Құмар А., Абикулова А., Толганбаева К., Хожамкул Р.).

 

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы:

Кафедрада жобалық оқыту аясында студенттермен «ЖПД», «Хирургиялық аурулар», «Ішкі аурулар», «Акушерлік және гинекология», «Балалар аурулары» сияқты түрлі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 100-ден астам мақала, оның ішінде ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда жарияланды.

Кафедра қызметкерлері докторанттар мен магистранттардың ғылыми жетекшілері болып табылады.

Кафедра қызметкерлерінің ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған мақалаларын, сондай-ақ халықаралық рецензияланатын журналдарда  жарияланымдары бар.