2022 жылдың 15 желтоқсанында Т.Ш. Шарманов атындағы Даңқ залында қоғамдық денсаулық кафедрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз” атты іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, рухани және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Іс-шара үнсіздік сәтінен басталды, одан әрі тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдері, бейне, тұсаукесер, өлең, көрінісі және күйлерді орындау. Кітап көрмесі – Ғылыми кітапхананың әдебиет – библиография бөлімінің меңгерушісі С.А. Елеукеновамен ұйымдастырылды. Іс-шараға Х.Досмухаммедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 1-3 курс студенттері белсенді қатысты. Іс-шара кәсіби жоғары деңгейде өтті.