ERASMUS+» БАҒДАРЛАМАСЫН НАСИХАТТАУ» ІС-ШАРАСЫ БОЙЫНША ЕСЕП

2022 жылдың 4 қазанында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында «Erasmus+» бағдарламасымен танысу және насихаттауға арналған іс-шара өтті. Бұл шараның мақсаты – білім беруді, кәсіптік оқытуды, жастар саясаты мен спортты жаңғырту және тұрақты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақ бағдарламасымен таныстыру болды. Бағдарлама Еуропалық Одақ, сондай-ақ Еуропа елдері мен бүкіл әлем бойынша серіктес елдер арасындағы барлық осы бағыттар бойынша ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктер береді.
Іс-шараның мазмұнын ашу барысында қазақ және ағылшын тілдерінде ауызша баяндамалар жасалды. ҚДС19-001-1 топ студенттері Ербулатова Г., Сәбит М. «Erasmus+» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы, оның ішінде Қазақстандағы жұмыс бағыттарын (жоғары білімдегі әлеует, Эразмус Мундус магистрі, халықаралық ұтқырлық және Жан Моне бағдарламасы) маңызын атап өтті.
Асфендияров атындағы ҚазҰМУде «Erasmus+» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалар (Harmonee, Tutorial, ChildCA, For21, LMQS, Spring, Modehed, AccelED), «Erasmus+» халықаралық бағдарламасының қатысушы елдері мен серіктес елдері туралы студенттер Шукенова М., Өмірбекова А. ағылшын тілінде қысқаша шолу жасады.
«Erasmus+» бағдарламасы ауқымды жүзеге асырылып жатқандықтан еріктілерге де көп көңіл бөлінуі тиіс. Волонтерлар қозғалысы жөнінде аталған топ студенті Жеңіс М. толығырақ мәлімет берді.
Сондай-ақ, әр қойылымнан кейін ұйымдастырушылар ойын түрінде сұрақ-жауап арқылы аудиториямен кері байланыс орнатылып отырды.
Кеш қонақтары кафедр профессоры Тоғызбаева Қ.К., кафедра лекторы Жұмағалиұлы А., сонымен қатар қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушісі Кожекенова Ж.А. бағдарламаны одан әрі дамыту туралы өз пікірлерін білдірді.
Іс-шараны демонстрациядауға жұмылдырылған Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 4 курс 19-001-1 топ студенттері белсенділік танытты.