С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай флешмоб ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау және нығайтудың маңыздылығын арттыру, сондай-ақ командалық белсенділікті дамыту болды.
Флешмобқа 80 студент белсенді қатысты. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары да студенттермен бірге жоғары белсенділік танытып, іс-шараға атсалысты.
Іс-шара барысында қатысушылар дене жаттығуларын орындап, салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған ұжымдық әрекеттерді көрсетті.
Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған флешмоб жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді, қатысушылардың жоғары қызығушылығы мен белсенділігі байқалды. Іс-шара студенттер мен оқытушылардың бірлескен белсенділігін арттыруға ықпал етіп, салауатты өмір салтын насихаттаудың тиімді формасы екенін көрсетті.


