Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы
Кафедра жайлы жалпы мәлімет
Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы медико-профилактикалық іс бойынша өмірге жолдама беретін кафедрларының бірі. Кафедрада екі дисциплина бойынша мамандар дайындайды, олар-коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигигенасы. Сонымен қатар көптеген элективті курстар жүргізіледі. Кафедрада сабақтар мына факультеттерге өткізіледі: «Медико-профилактикалық іс», «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», және «Мейірбикелік іс».
Кафедра тарихы
Алма-Ата қаласында 1942 жылы Ұлы Отан соғысының уағында Министірліктің ұсынысымен Казақ мемлекеттік медицина институтында брнеше кафедрадан құралатын санитарлық гигиеналық факультет ашылды. Соның ішінде Коммуналды гиги ена және меғктеп гигиенасы кафедрасы ашылды. Бұл жерде санитарлық дәрігерлерді дайындады. Сонымен қатар санитарлық фельшерлерді және лабораттарды дайындайтын фельшерлік акушерлік мектеп бөлімі құрылды.
Кафедраның бірінші меңгерушісі – көрнекті ғалым гигиенист 160 ғылыми ғылыми жұмыстың, соның ішінде 4 монографияның авторы, м.ғ.д., профессор Корякин И.С. болған. Өзінің еңбек жолын аудандық санитарлық дәрігерден бастап денсаулық сақтау министірлігінің орынбасары – Қазақ ССР-ның Бас мемлекеттік инспектіріне дейін көтерілген. 1939 жылдан бастап қазақтың Республикалық бөлімінің «Село гигиенасы» мәселесіне Басқарма төрағасы және ССРО-ның МҒА-ның проблемалық комиссия мүшесі, Қаз ССР-ның су ресурстары мен атмосфера ауасын санитарлық қорғау комитетінің мүшесі болған. 1951 жылы ҚазССР-ы ғылым академиясының Өлкелік патология, физиология және хирургия институтының біріккен Кеңесінің мүшесі болған. 1948-1955 жылдар аралығында «Қазақстандағы денсаулықты сақтау» журналының жауапты хатшысы, ал 1955 жылы осы журналдың редакция ұжымының мүшесі және «Гигиена және санитария» журналының мүшесі болып қызмет атқарған. 1946-1951 жылдар аралығында комуналдық гигиена кафедрасын басқарған, Қазақстан Республикасының комуналдық гигиена ғылымының дамуының басында тұрған көшбасшы болған.
Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген дерігері, доцент, м.ғ.к. Кудияров П.М 1951-1959 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін атқарған, қала және облыс денсаулық сақтау министірлігінң кадрлар мәселесі бойынша орынбасары, ал 1950-1958 жылдар аралығында медициналық-профилактикалық факультетінің деканы болған.
Осы уақытта отанымыздың гигиеналық ғылымның қайта бой көтеруі болып жатты.
Қазақстанның елді мекендеріндегі гигиеналық сұрақтар жақсы дамып жатты. Келесі кандидаттық және докторлық диссертациялық жұмыстарға байланысты жұмыстарға байланысты бағалауға болады. Медицина ғылымының докторлық диссертациясын келесі адамдар қоғалды
– Корякин И.С., Коротченок Н.А., Демиховский Е.И., Тарабаева Г., Барташевич Е.Н., Кудряков В.А., Дмитриевский П.Д.; 30 адам – дай медицина ғылымының кандидаттық диссертацтясы қорғалды– Кудияров П.М., Быков М.А., Крепкогорский Л.Н., Крепкогорская Т.А., Юрчак Ф.Ф., Корякин И.С., Цимбалист Д.Ф., Тлеугабылов Р.К., Липедская Л.М., Попова С.Н. и другие.
Гигиенист, м.ғ.к., доцент Смирнов В.А 1958-1960 жылдарда балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасының меңгерушісі болды. Қазақ ССР-ның денсаулық сақтау министрлігінің орталық медициналық кеңесінің «Жасөспірімдердің физиологиясы, потологиясы, гигиенасы» мәселелерінің проблемалық комиссиясын басқарды. 1945-1955 жылдарда медициналық-профилактикалық факультетінің декан қызметін атқарушы және деканы болды.
Оның басшылығымен отандық гигиена ғылымы өзінің қалыптасуын бастады. 1964 жылы санитарлық-гигиена факультетінің Қарағанды медициналық институтына өтуіне байланысты кафедраларды жабу керек болды.
Гигиенист, м.ғ.д., профессор, 100-ден астам еңбектің авторы Даулбаев Ф.А 1960 жылы комуналдық гигиена кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалған. 1955-1960 жылдарда медициналық-профилактикалық факультетінің декандық қызметін қосымша атқарған, ал 1976-1980 жылдарда АММИ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры, 1980 жылы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ректоры болып тағайындалған.
Проф. Даулбаев Файзи Ахметович
60-ы жылдардағы кафедра қызметкерлері
1989 жылы АММИ-да санитарлық-гигиена факультеті қайта құрылды, және екі пәннен тұратын 1991 жылы ашылған арнайы кафедра – комуналдық гигиена кафедрасы болды, бұл кафедраны профессор Неменко Б.А ұйымдастырды. Кафедра өз жұмысын басынан бастады оқу базасы болған жоқ оқу бөлмесі жоқ құрал жабдықтарды қай қайта алу керектігі туындады Оқу құралдарын қайта өңдеу әдістемелік нұсқауларды қайта жазу керек. Кафедраның қайта құрылуына Қазақстан республикасының мемлекеттік бас дәрігеріАндреем Андреевичем Реймердің көмегі өте зор болды. Гагарина көшісінде орналасқан ғимаратты керекті құрал жабдықтармен қамтам асыз етуге зор үлесін тигізді.
90-ы жылдардағы кафедра қызметкерлері
профессор Неменко Борис Аркадьевич
Алғашында кафедра Алматы қаласының әртүрлі мекемелерінен шақырылған кішкентай дәрігерлер ұжымынан тұрды. Кафедраны м.ғ.д., Қазақстанның МҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор Неменко Б.А басқарды. Ол өзінің еңбек еткен жылдарының 12 жыл бойында гигиена және кәсіптік аурулар ҒЗИ-нің директорының бірінші орынбасар қызметін атқарды және республиканың барлық гигиена ғылымын бағыттай отырып, Қазақ ССР-ның Денсаулық сақтау министірлігінің медицина ғалымдары кеңесінің басқармасының бірінші орынбасары қызметінде болды, бүгінгі күнге дейін «Гигиена» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі «Гигиена қоршаған орта ғылыми негізі» және «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының ғылыми негізі» деп аталатын Бүкіл одақтың проблемалық комиссияларының мүшесі.
1995 жылдан бері профессор Неменко Б.А Қазақстанның медицина ғылымдарының Академиясының корреспондент мүшесі және гигиена секциясының төрағасы. Ол 300 ғылыми еңбек, 4 монография жариялады, оның жетекшілігімен 15 кандидаттық диссертация қорғалынды.
Профессор Неменко Б.А комуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша жоғарғы оқу орындары мен колледждерге арналған мемлекеттік және орыс тілінде 5 оқулықтың авторы. Қазір Республиканың барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері осы оқулықтарды пайдаланады. Кафедра жұмысы қиын жағдаймен басталды: оқу базасы, оқу бөлмелері, жабдықтар болмады. Әдістемелік материалдарды жасауға тура келді. Алғашқы кафедраның оқу базасы болып есептелетін 2 қабатты ғимарат проф. Б.А.Неменконың көмегінің арқасында АММИ-не берілді. Осы базада ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған химиялық лабаратория, фотолабаратория, атомды-адсорбциялық лабараториялар ашылды.
Кафедра ұжымы Қарағанды Медициналық институтын бітіруші тек санитарлық дәрігерлермен (Уважанова А.С., Оспанова Г.К., Бердалина Р.А.), содан кейін АММИ бітірген түлектер (Абдразақова С.Ө., Жусупов А.А., Адимолдаев Э.Б., Тулебаева Г.Р., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Стыбаева Г.С., Елгондина Г.Б., ақырғы екі жылда Досмухаметов А.Т., Илиясова А.Д. Текманова А.К., Сакеев А.О., Кажибекова Р.А.) толықты. Осылардың көпшілігі кейіннен диссертациялық жұмыстар жазып қорғады, аға оқытушы, доцент атағын алып, ғылыми жұмыстармен айналысады. 1997-1998 оқу жылдарында кафедра толық профессорлар оқытушылармен қамтамасыз етіліп, оқытушылар саны 22 адамға жетті. Профессор Неменко Б.А. комуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасынан дәрістер курсын, студенттер мен оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқауларды, мамандық бойынша типтік оқу бағдарламасын дайындады.
Осы жылдар ішінде оқу үрдісін жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде, тестілеу сияқты жұмыстың жаңа түрі енгізілді. Бұл жұмысқа кафедра ұжымының барлығы ат салысты. Комуналдық гигиена мен балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде барлық тарау бойынша тесттік бақылау жүргізуге және студенттердің білім деңгейін тексеруга арналған сауалдар құрастырылды. Дәрістер жеткілікті дәрежедегі кестелермен, слайдтармен, бір сөзбен айтқанда оқу әдістемелік материалдардың барлық түрімен қамтылған. Кафедраның профессорлық оқытушылары бұрыннан қалыптасқан бірегей бағдарламаларды негізге ала отырып, оқу әдістемесіне жұмыстарды үнемі жетілдіріп отырады.
Мемлекеттік тіл туралы заң шығуына байланысты кафедраның қалыптасуы жылдарында оның алдында оқу үрдісін осы бағытта қайта құру келелі ісі тұрды. Кафедра ұжымы қысқа мерзімде қазақша білімді қызметкерлермен толықтырды. Нәтижесінде аз уақытта барлық оқу әдістемелік материалдар, дәрістер, әдістемелік нұсқаулар, көмекші оқу құралдары қазақшаға аударылды. Кафедра қызметкерлері 7 тараудан тұратын комуналдық гигиена бойынша балалар мен жасөспірімдерге гигиенадан басшылық оқу құралын баспадан шығарды.
Кафедра студенттерге оқу үрдісін меңгеру үшін екі пәннен Мемлекеттік және орыс тілдерінде негізгі терминдер сөздігі жасалды. 2002 жылы мемлекеттік тілде «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» оқулығы шықты, авторлары проф.Неменко Б.А, аға оқытушы Оспанова Г.К. 2003, 2004 және 2005 жылдары Б.А. Неменконың авторлық басшылығымен мемлекеттік және орыс тілінде медициналық-профилактикалық факультетінің төменгі және жоғарғы курс студенттеріне арналған «Комуналдық гигиена» оқулықтары шықты (аудармашылар аға оқытушы Абдразакова С.Ө., асс. Арынова Г.А.)
2013 жылдан кафедра меңгерушісі м.ғ.д., проф. Бекбосынов Темирхан Кадырбекович болды. Бекбосынов Т.К. 1972 жылы Алма-Ата мемлекеттік медициналық институтын үздік бітірді.
Алматы қаласының облыстық клиникалық ауруханасында интернатура өткен соң, 1973-1984 жылдар аралығында Алматы облысының Жамбыл ауданында отоларинголог,хирург және бас дәрігер болып қызмет атқарды.
1984-1985 жылдары ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігіне қарасты туберкулезді ғылыми-зерттеу институтында клиникалық ординатураны өтті.1985-1989 жылдары ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігіне қарасты туберкулезді ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызыметкер. 1987 жылдан бастап фтизиатрия саласында медицина ғылымдарының кандидаты. 1997 жылдан гигиена , фтизиатрия саласында медицина ғылымының доктор, профессор.
1989-2000 жылдары ҚР ҰҒА қарасты тағамтану институтында аға,бас ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды.2000-2007 жылдары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің тағамтану кафедрасының профессоры,меңгерушісі болды.2007 жылдың ақпан айынан-2013 жылдың тамыз айына дейін коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигигенасы кафедрасының профессоры болып қызмет жасады.2013 жылдың күз айынан бастап аталған кафедраның меңгерушісі.
Коптеген жылдар бойы нутрициалогия, эпидемиологиядағы сұрақтарды бір жүйеге келтіру және Қазақстандағы туберкулезге қарсы қызметті жетілдіру бойынша ҚР ДСМ негізгі тұлғасы.
1994-1996 жылдары USAID демеушілігімен болған улкен көлемді,халықаралық, Қазақстандағы медико-демографиялық зерттеу бағдарламасының техникалық директоры болып жұмыс жасады.1998-2000 жылдары аралығында Қазақстанда және Орталық Азиядадағы теміржетіспеушілік анемиясымен күрес халықаралық бағдарламаның (UNISEF, ООН) жетекшісі болды.
Басқа да ғылыми мекемелердің және халықаралық ұйымдардың(ЮНИСЕФ ООН, ЮСАИД, ВОЗ, ПРООН, Халықаралық Банк және т.б) тұлғаларымен шығармашылық бірлестік жұмыстарын ұйымдастырады.Республикада медициналық қызметкерлердің квалификациясын көтеру және ғылыми кадрлар дайындауда жұмыс жасайды.
2010 жылы «Қазакстан Республикасында ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» Білім министілігінің және ҚР ғылымы атынан медальмен марапатталды.
Халықаралық ғылыми конференцияларды, семинарларды ұымдастыруға атсалысады.
«Қазақстандағы медико-демографиялық зерттеу», «Семірудің алдын-алу және емдеу »тақырыбындағы монографиясы орыс және ағылшын тілінде. Бұдан да басқа 100 деген публикациясы мен монографиясы бар. ҚазҰМУде, коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасының қызметкерлері арасында құрметке ие.
Кафедраның ғылыми жұмыстары
Кафедраның алғашқы ұйымдастырылған күнінен бастап студенттік үйірме жұмыс жасайды. Жүйелі түрде мәжілістері жүргізіліп тұрады, нәтижесінде оқытушылар мен студенттер қарым қатынасын бір-біріне жақындастырып қана қоймай, сондай-ақ студенттерге өзінің жан-жақты дамуына және дарындылықтарын көрсетуге мүмкіндік туады. Бұл үрдіс, әрине, студенттердің пәнді меңгеру құштарлығына сеніп, оның оқулықты тереңірек оқуына ықпалымен қатар, ғылыми әдебиеттерді оқуға итермелейді. Бірнеше жыл бойы біздің кафедраның үйірме мүшелері факультет, университет аралық ғылыми-студенттік конферецияларда марапатты орындар иеленді, «Активист СНО» диплом, грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен де марапатталды.
Кафедра қызметкерлері үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысады. Кафедра құрылғаннан бері 250 -ден аса ғылыми мақалалар жазылды, 1 монография жарық көрді, және 7 диссертация қорғалынды. Кафедраның ғылыми жұмыстары Қазақстанның қалалары мен селоларының санитарлық жайын жақсартуға, қоршаған ортадағы ауыр металдардың зардабын зерттеуге, әртүрлі факторлардың балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына әсерін бағалаудың қазіргі кездегі сұрақтарын зерттеуге бағытталған. Қоршаған ортаның өзгеріске ұшырауына байланысты адам өмір сүретін ортасы мен ондағы ауруларды зерттеуге көп назар аударылады. Алғашқы рет қоршаған орта әсеріне адам ағзасының жауап реакциясын бағалау көрсеткіштері жасалған, аурулардың этиологиясы мен патогенезіне қоршаған орта мен генетикалық факторлардың әсерін зерттеу жұмысы жүргізілуде.
2010 жылы кафедра қызметкерлеріЕуропа одағының, Қазақстан Республикасы Нидерланттық Қызыл Крест және Қызыл ай Қоғамының ТМД елдерінің (TACIS) техникалық көмек көрсету бағдарламасы көлемінде орындалды.
2011-2013 жылдары кафедра «Разработка модели (программы) антистарения в обеспечении активного долголетия лиц пожилого возраста Казахстана».ғылыми-техникалық бағдарламасының орындаушысы.Кафедра қызметкерлері қоршаған ортаның зиянды факторларының кәрілікке әсер етуінің кілттік аспектісін зерттеуде.
Кафедраның алғашқы ұйымдастырылған күнінен бастап студенттік үйірме жұмыс жасайды. Жүйелі түрде мәжілістері жүргізіліп тұрады, нәтижесінде оқытушылар мен студенттер қарым қатынасын бір-біріне жақындастырып қана қоймай, сондай-ақ студенттерге өзінің жан-жақты дамуына және дарындылықтарын көрсетуге мүмкіндік туады. Бұл үрдіс, әрине, студенттердің пәнді меңгеру құштарлығына сеніп, оның оқулықты тереңірек оқуына ықпалымен қатар, ғылыми әдебиеттерді оқуға итермелейді. Бірнеше жыл бойы біздің кафедраның үйірме мүшелері факультет, университет аралық ғылыми-студенттік конферецияларда марапатты орындар иеленді, «Активист СНО» диплом, грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен де марапатталды.
5 курс студенті атмосферадағы ауыр металлды
атомно-абсорбционном фотометрінде AAS – 1N зерттеу үстінде
Оқу әдістемелік жұмыс.
Кафедрада оқу процесінің жаңа оқыту түрлері енгізіліп кафедра жұмыстары жаңартылып отырылады. Бұл жұмыста кафедраның барлық қызметкерлері жұмыс атқарады. Тестік бақылау және атестациялауға аналған тестілер коммуналдық және балалар м ен жасөспірімдер ги гиена пәні бойынша барлық бөлімдері қамтылып өңделіп енгізілді. Кафедра қызметкерлерімен өңделген тәжирибелік сабаққа таблицалармен, слайдттармен, оқу- әдістемелік құрал жабдықтармен нормативтік құжаттармен өңделді. Кафедра профессорлық- оқытушылар құрамы міндеттіі түрде оқу білім деңдейлерін жыл сайын көтеріп отырады. Кафедра меңгерушісі профессор Неменко Б.А. меңгеруімен жаңа интерактивті оқу түрі мультимедиялық құрал жабдықпен жүргізу түрі енгізілді.
Доцент Арынова Г.А. сабақ үстінде
Кафедра мұғалімдерінің педагогикалық іскерлігін жоғарылату мәселесі ең негізгі мәселе болып есептеледі. Көп жылдан бері жас педагог мектебі жұмыс істейді, бұл мектепте жұмыс өтілі 5 жылдан төмен ассистенттер оқиды. Педагогтарды аттестациялау осы мектеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Доцент Бекказинова Д.Б. сабақ үстінде
Жоғарғы оқу орындарының ішкі бақылау ережесіне сәйкес ҚазҰМУ-де кафедрадағы жұмыс жоспары негізінде кафедралық ішкі бақылау жұмысы жүргізіледі, оқытушылар ашық сабақ арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасады. Барлық оқытушылар Алматы Мемлекеттік Дәрігерлер білімін жетілдіру институтындағы мамандықты жетілдіру факультетінде алғашқы мамандандырудан өтті, ал ҚазҰМУ-де екінші ретті амандандырудан педагогика, психология, информатика және қазақ тілі пәндері бойынша өтті. Кафедрада Қазақстанның медициналық институттарының педагогтері өздерінің мамандығын жетілдірді, соның ішінде ҚазҰМУ-нің қызметкерлеріде бар.
Доцент Уважанова А.С. студенттермен
Профессор Неменко Б.А басқарған кафедра осы жылдар бойында республикалық денсаулық сақтау жұмысына практикалық көмек беріп келеді және оны жалғастыруда.
ҚР Конституциясына сәйкес бұрынғы ССРО-ның барлық нормативтік актілері күшін жойды. Осыған сәйкес санитарлық дәрігерлердің жұмысының және студенттерді оқытудың негізі болып табылатын санитарлық заңдылықты құжаттардың барлығын қайта қарау керек болды. Бұл жұмыс республиканың жетекші гигиенистеріне тапсырылды. Кафедра меңгерушісі проф. Неменко Б.А көп жылдар бойы штаттан тыс бас маман қызметін атқарғандықтан, осы жұмыстың комуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәндерінен осы жұмысты басқарды. Қысқа мерзімде оның басшылығымен және практикалық денсаулық сақтау органдарының қатысуымен балалар және жасөспірімдер гигиенасы бойынша санитарлық заңдардың барлық негізгі құжаттарды қайта қарастыру нәтижесінде комуналдық гигиена бойынша 3 томдық және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша 1 томдық нормативтік құжаттар жиынтығы жарық көрді.
Бүгінгі күнге дейін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жетекші мамандарымен бірлесіп екі пән бойынша нормативтік актілерді қайта қарау жұмыстары атқарылуда.
ҚазҰМУ де академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша 2 жыл бойы Астана және Қарағанды медициналық жоғарғы оқу орындарымен,біздің және басқада гигиеналық кафедралар арасында студент алмастырылып оқытылуда.
Университеттің стратегиясына байланысты кафедраға 2 жас стажер-оқытушы қабылданды.Олар педагогикалық шеберліктерін жетілдіріп, кафедраның ПОҚ құрамының жоғарғы деңгейіне жетуге ұмтылуда.
Бүгінгі күні білімнің жаңа стандартқа көшуіне байланысты 2003 жылдан бастап университеттің 2010 жылға дейінгі стратегиялық тұжырымдамасын іске асыру бойынша кафедрада шығармашылық жұмыстар жүргізілуде. Ұсынылып отырған жаңа тұжырым бойынша медициналық-профилактикалық факультетінің студенттері бес жылдық базалық білім алғаннан кейін бакалавр болып дайындалып, ал келесі кезеңі магистратурадан өтеді.
Кафедраның табысты дамуы үшін санитарлық дәрігерлердің базалық дайындығына ерекше көңіл бөлінеді, оқыту сапасын көтеру мақсатында инновациялық технолгия енгізіледі, ескі әдістемелік нұсқаулар қайта қаралып, жаңартылады, санитарлық-гигиеналық профильдегі мамандарды дайындайтын мекемелермен, яғни біздің студенттер оқу әдістемелік-тәжірибе өтетін мекемелермен (Республикалық, қалалық және аудандық СЭҚБ) қарым-қатынасы күшейтіліп келісім шарт жасалынды. Ғылыми нәтижелерді денсаулық сақтаудың іс-жүзіне енгізу үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын бірігіп атқару үшін практика қызметкерлері тартылады.
Гигиеналық профильдегі жоғарғы класты мамандарды дайындау бағдарламасын іске асыру үшін, тек қана Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан емес, сол сияқты Ресей, Украина, тағы басқа ТМД елдерімен интеграциялау мәселесі шешіліп өзінің орнын табуда. Осы мақсатқа сай студенттер білімнің бірегей типтік бағдарламаларымен, стандарттарымен оқытылады.
Негізінен алғанда кафедраның материалдық базасын техникалық жабдықтау күшейтілуде. Студенттерді гигиенаның жаңа зерттеу әдісімен оқыту үшін кафедрада санитарлық-гигиеналық зертхана ұйымдастырылуда. Кафедра кітапхана қорын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жаңа оқулықтармен толықтырып отырады.
Студенттердің білім сапасын бақылауды күшейту мақсатында тестілеу әрбір пән бойынша 2,3 дәрежелі қалыпта өтеді, тестіде ситуациялық есептер пайдаланады. Инетернеттің мүмкіндігін пайдалану үшін кафедра қызметкерлері мен студенттер дайындықтан өтеді. Интерактивтік оқудың үлесін көбейту мақсатында студенттердің аудиториядан тыс оқуының көлемі кеңейтілуде, кафедрада компьютерлік сынып ұйымдастылу жоспарлануда, мультимедиялық проекторда дәрістер дайындалуда, интернетте веб-беттер дайындалуда, болашақ дәрігер гигиенистерді алыстан оқыту жоспарлануда, студенттердің білім деңгейін бақылаудың жаңа формасы – объективті структуралық емтихан (ОҚПЕ) дайындалуда.
Коммуналды гигиена кафедра қызметкерлерімен келесі оқу құралдары даындалып жарық көрді коммунальная гигиена: Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиена», Алматы 2003; Неменко Б.А. «Коммунальная гигиена», Алматы 2004. Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиена» – Алматы, 2004. – 432 б.; Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена (мед. колледж үшін) – Алматы, 2005. – 275 б., «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник / Б.А. Неменко, Д.Б. Бекказинова, Г.А. Арынова, Г.Б. Елгондина – Алматы, 2008. – 430 с.
По гигиене детей и подростков: «Гигиена детей и подростков», Неменко Б.А., Оспанова Г.К. (учебник). – Алматы, 2007. – 344 с.; Неменко Б.А., Оспанова Г.К. «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы». – Алматы, 2002. – 348 б.; Неменко Б.А., Оспанова Г.К. «Гигиена детей и подростков» (учебник для Вузов) – Алматы, 2007. – 343 с..
Кафедра меңгерушісі Б.А Неменко проф. Т.А. Муминов пен бірлесе отырып, «Окружающая среда и доказательная профилактическая медицина, монографиясы жарық көрді сондай –ақ, ғылыми зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Тәрбие жұмысы
Кафедрамен үлкен патриоттық интернационалдық салауатты өмірдің тәрбиссі жөнінде үлкен жұмыс тар жүргізіліп жатыр. Студеттерді жұмысқа алу және орналастыру бағытунда Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлерімен студенттерді кездестіру. Студенттердің эстестикалық тәрбисінің мәнін жоғарлатуда музейлерге, көрмелерге,театр, және киноларға апарамыз. Тәрбие жұмысы тек қана студенттердің арасында ғана емес сонымен қатар мект еп оқушыларының салауатты өмір сүруге бағыт бағдар жасаймыз. Сондай-ақ кәсіптік бағыттаубойынша біздің каферамыз жауапты.
Кафедра қызметкерлері студенттермен бірлесіп, университет аясында «Наурыз м ейрамын», « Жаңа жылды қарсы алу» «Студенттік көктем мейрамын» және т .б.
Кафедрада әр түрлі конференциялар ғылыми бағытта сонымен қатар тәрбие жұмыстары бойынша дөңгелек столдар т. б жұмыстар ұйымдастырылып отырады.
проф. Неменко Б.А. студенттермен
Наурыз мейрамын тойлатуда
Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы дисциплинасы бойынша студенттерді оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету картасы.
№ | Автор Название учебника | Год издания | |
1 | Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена | 2004 | |
2 | Акулов Н.И. Коммунальная гигиена | 2001 | |
3 | Акулов Н.И. Коммунальная гигиена | 1986 | |
4 | Марзеев А.Н. Коммунальная гигиена | 1979 | |
5 | Неменко Б.А. Коммунальная гигиена | 2003 | |
6 | Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиене. Под ред. Е.И. Гончарука | 1990 | |
7 | Неменко Б.А. Коммунальная гигиена (длямед училищ) | 2004 | |
8 | Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена (мед.колледж үшін) | 2005 | |
9 | Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник / с. | 2008 | |
10 | Дүйсембин К. Жасқасай физиология жәнемектепгигиенасы. | 2003 | |
11 | Гигиена детей и подростков, Неменко Б.А., Оспанова Г.К. (учебник). | 2007 | |
12 | Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдергигиенасы. | 2002 | |
13 | Балалар мен жасөспірімдергигиенасы. | 1997 | |
14 | Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков. | 2003 | |
15 | Гигиена детей и подростков. Под ред. Кардашенко В. | 1988 | |
16 | Гигиена детей и подростков. Под ред. Сердюковской (для мед.училищ) | 1989 | |
17 | Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. Под ред. Кардашенко В. | 1983 |
Адрес кафедры –ул. Утепова 19а, здание ВШОЗ, тел. 337 80 22