«Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының атауы ректордың 03.09.2021 ж. № 470 бұйрығымен өзгертілді.
Кафедраның негізін қалаушы және алғашқы меңгерушісі университет ректоры, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ақанов Айқан Ақанұлы болды.
2014-2017 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ. Қ. Құрақбаев басқарды.
2017-2018 жж. кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты М.М. Сатаев басқарды.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Көшербаева Ләззат Көшербайқызы болып табылады.
Университет ректорының «Университет кафедраларын деканаттар мен оқу департаменттеріне бекіту туралы» 12.09.2017 жылғы №496 бұйрығымен кафедра Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебіне бекітілген.
![]() | Кафедраның негізін салушы ҚазҰМУ ректоры (2008-2015жж.) Ақанов Айқан Ақанұлы |
Ұсатаев Мұрат Мейіртайұлы медицина ғылымдарының кандидаты Мұрат Мейіртайұлы 1986 жылы 2-ші Мәскеу медициналық институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты (Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы, Орынбор медициналық институты, Ресей Федерациясы, 1992 ж.). Жұмыс тәжірибесі: 07/2020 – қазіргі уақытта. «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ стратегиялық мониторинг және даму департаментінің басшысы |