Сіз тереңірек және заманауи білімді тапқыңыз келсе, әрқашан ең мықтылардың қатарынан ізденуіңіз керек. Ал бұл жолы «Нутрициология» кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор Беисбекова Арайлым Қайратқызы «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «500 ғалым» бағыты бойынша ең мықты университеттердің бірі Дюкейн университетінде, Питтсбург, АҚШ 6 айлық ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдамадан өту барысында Беисбекова А.К. әлемдік деңгейдегі ғалымдармен ынтымақтастықта болды, семинарлар мен конференцияларда баяндама жасады. Сондай-ақ профессорлардың қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау менеджменті және т.б. тақырыптар бойынша дәрістерін тыңдады. Университет атмосферасы алғашқы күннен оң әсер етіп, жаңа идеялар мен бірлескен жобаларға шабыттандырды.