Шихэцзы университетіндегі академиялық ұтқырлық: қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасу

2026 жылғы 20–25 сәуір аралығында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Айтманбетова А.А., Шахиева А.М. және лектор Дәрмен Н.Ж. Қытайдағы Шихэцзы университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі базасында академиялық ұтқырлық бағдарламасын орындап келді.

Орындалған ғылыми-білім беру бағдарламасының жалпы көлемі 36 академиялық сағатты құрады. Бағдарлама тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты орнатуға бағытталған білім беру, ғылыми және ұйымдастырушылық іс-шараларды қамтыды.

Шихэцзы университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің басшылығының қатысуымен ресми симпозиум өтті. Кездесу барысында тараптар университеттердің тарихы, бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары, ғылыми бағыттар мен даму перспективалары туралы ақпарат ұсынып, халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сапар аясында профессорлық-оқытушылық құрам жеке бағдарламаларына сәйкес Шихэцзы университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттеріне дәрістер оқыды. Делегация университеттің медицина мектебінің зертханалары мен ғылыми-зерттеу платформаларын аралады. Зертхана басшылығымен кездесулер өткізіліп, ғылыми зерттеулердің бағыттары талқыланды. Оқыту-білім беру базасында білім алушылардың практикалық дайындығымен, заманауи білім беру технологияларымен және клиникалық инфрақұрылымымен танысты, сондай-ақ университет мұражайын аралады.

Іс-сапар соңында қорытынды кездесу өтіп, бағдарламаны орындау есебі дайындалып, әрі қарайғы ынтымақтастық перспективалары талқыланып, сертификаттар табысталды.