Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедрада білім алып жатқан студенттер оқытылатын пәндер бойынша тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтқанда, олар жыл сайын Университет деңгейіндегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) байқауларында І орындарды, сондай-ақ Республикалық деңгейде ІІ және ІІІ орындарды иеленуде.

Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметі аясында «Formation of a national food database and development of a healthy nutrition policy concept» және «Consumption of energy drinks and their impact on sleep quality among medical university students» тақырыптарындағы ғылыми баяндамалар Ташкент қаласында (Өзбекстан) ұсынылды.

Сонымен қатар, студенттер жыл сайын кафедраның профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) жетекшілігімен тамақтану мәселелеріне арналған гранттық ғылыми жобаларға қатысып, AsfenForum және AnaMedForum халықаралық форумдарында баяндамалар жасайды.

ПОҚ жетекшілігімен студенттер жыл сайын мектептерге, колледждерге және басқа да жоғары оқу орындарына барып, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-танымдық кездесулер өткізеді, сондай-ақ ауқымды денсаулық фестивальдерін ұйымдастырады.

Бұдан бөлек, студенттер өзекті әлеуметтік және денсаулық сақтау мәселелерін қамтитын тақырыптар бойынша Хакатондарға белсенді түрде қатысады.