Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың нутрициология кафедрасы қызметкерлері қатысқан Қазақ тағамтану академиясы орындаған/орындап жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі
- Жоба атауы: «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарында) арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын адамдар үшін тамақтанудың табиғи нормаларын, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарында) тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу».
Жоба Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасының бірлескен жобасы – № 123514 «Әлеуметтік осал топтарға арналған әлеуметтік қорғау және әлеуметтік белсендіру бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру» аясында іске асырылды.
Тапсырыс беруші: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы.
Қатысушылар: Кафедранын қызметкерлері.
ЖТН: жоқ.
Тауарларды сатып алуға және/немесе қызметтер көрсетуге арналған шарт: №2022-000s/a, 23.11.2022 ж.
Жоба міндеттері: Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында ұтымды тамақтануды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы мен ұлттық тәжірибесін зерделеу.
- Медициналық-әлеуметтік ұйымдардағы (МӘҰ) қарт адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және басқа да осал топтарға арналған қолданыстағы тамақтану нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
- «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарында) арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын адамдар үшін тамақтанудың табиғи нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірлеу.
Бұйрық жобасын әзірлеу шеңберінде болудың барлық нысандары үшін – стационар, паллиативтік көмек, оңалту орталықтары, жартылай стационар, сондай-ақ уақытша болу: тәулік бойы, 4 сағатқа дейін және 6 сағатқа дейін – барлық жыныстық-жас топтарына арналған мынадай бірыңғай параметрлер айқындалды:
- Жалпы және диеталық (емдік) тамақтанудың табиғи нормалары.
- Ұсынылатын тәуліктік азық-түлік жиынтығының химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы.
- Азық-түлік жиынтығының тағамдық тығыздығы – ФАО/ДДҰ ұсынымдары негізінде 1000 ккал-ға шаққанда.
- Азық-түлік жиынтығындағы бір өнімді басқа өніммен өзара алмастырудың табиғи нормалары.
Ғылыми-зерттеу тақырыбының орындалу мерзімі: 2023-2024 жылдар.
- Жоба атауы: «Азық-түлікпен қамтамасыз етудің табиғи нормаларын әзірлеу және оларды ғылыми тұрғыдан негіздеу бойынша қызметтер».
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР ҰҚК» РММ.
Қатысушылар: Кафедранын қызметкерлері.
ИРН: жоқ.
Шарт нөмірі: қызметтік пайдалану үшін.
Жоба міндеттері:
- Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етудің табиғи нормаларын әзірлеу.
- Жеке тамақтану рациондарын әзірлеу.
- Тамақ дайындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу.
- Азық-түлік жиынтығындағы бір өнімді басқа өнімдермен алмастырудың табиғи нормаларын әзірлеу.
Ғылыми-зерттеу тақырыбының орындалу мерзімі: 2024-2025 жылдар
- Жобаның атауы: BERNICA – ERASMUS-EDU-2022-CBHE «Орталық Азиядағы тамақтану және диетология саласындағы білім беру және ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру».
Бағдарлама жетекшісі: К. Қ. Тоғызбаева.
Қатысқандар: Беисбекова А.К., Кайнарбаева М.С.
Қаржыландыру нысаны: ERASMUS+ халықаралық гранты.
Бас ұйым: С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.
Шифры, мемлекеттік тіркеу нөмірі: 101082831.
Тапсырыс беруші: Еуропалық Одақ.
Жоба міндеттері:
- Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктері мен әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, тамақтану және диетология бойынша білім беру бағдарламаларын заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес жаңарту және үйлестіру.
- Оқытушылардың, зерттеушілердің және студенттердің ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері, нутрициология, диетология және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы біліктілігін арттыру, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту.
- Тамақтану және диетология саласындағы білім беру және ғылыми-зерттеу әлеуетін ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған заманауи оқу-әдістемелік материалдарды, цифрлық білім беру ресурстарын және жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу.
Ғылыми-зерттеу тақырыбының орындалу мерзімі: 2023-2025 жылдар.
- Жобаның атауы: Халықтың тамақ өнімдері мен тамақтануын кешенді зерттеу нәтижелері бойынша әзірленген Қазақстанның дұрыс тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық саясатының ғылыми негіздері
Бағдарлама жетекшісі: А. М. Арынғазина.
Қатысушы: Ергешбаева Р.Б.
Қаржыландыру нысаны: бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ).
Бас ұйым: ҚазҰМУ.
Орындаушы: Қазақ тағамтану академиясы.
Жоба міндеттері:
- Балалар мен мектеп оқушыларының тамақтануын ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында ұлттық тағамдарды қоса алғанда, азық-түлік өнімдерінің кең ассортиментінің химиялық құрамын және тағамдық құндылығын бағалау.
- Әртүрлі демографиялық топтардың тамақтану ерекшеліктерін кешенді зерделеу, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға ерекше назар аудару, сондай-ақ қауіп тобындағы топтарда – 5 жасқа дейінгі балалар мен репродуктивті жастағы әйелдер арасында – семіздік пен микронутриенттер тапшылығының таралуын анықтау.
- Клиникалық, мектепке дейінгі және мектептегі тамақтануға арналған стандарттар мен ұсынымдарды қамтитын, дұрыс тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың ғылыми негізделген жобасын әзірлеу.
- Заманауи цифрлық технологиялар мен коммуникация арналары арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында дұрыс тамақтануды насихаттауға бағытталған ғылыми негізделген шаралар кешенін әзірлеу.
- Алынған деректер негізінде тамақтану саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға және пәнаралық құзыреттер орталығын құруға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
Ғылыми-зерттеу тақырыбының орындалу мерзімі: 2026-2028 жылдар.
