Кітап оқыған ұрпақ – кемел болашақ: №8 жатақхана кітапханасының қоры толықтырылды

«Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында Халел Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен эдвайзерлері бірлесіп, №8 жатақхана кітапханасының қорын көркем әдеби, медициналық және мотивациялық кітаптармен толықтырды.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, бос уақытын тиімді өткізуіне, рухани дамуына және кәсіби білімін кеңейтуіне қолдау көрсету.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады», — деп атап өткен. Бұл сөз кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың және жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын қолдаудың маңызын айқындайды.

Кітапханаға ұсынылған шығармалар студенттерге таным көкжиегін кеңейтіп, жаңа идеялар мен пайдалы білім алуға мүмкіндік береді. Көркем әдебиет рухани дүниені байытса, медициналық еңбектер кәсіби ізденіске жетелейді.

Құрметті студенттер! Сіздерді жатақхана кітапханасына келіп, өздеріңізге ұнаған кітапты таңдауға, тұрақты оқуға және алған әсерлеріңізді достарыңызбен бөлісуге шақырамыз. Әрбір оқылған кітап — жаңа білім мен үлкен мүмкіндіктерге бастайтын қадам!