2018 жылдың 6 ақпанында салауатты тамақтануды халыққа тарату мақсатымен мектеп оқушыларына «Дұрыс тамақтану принциптері» тақырыбында «Еңбекгигиенасы және медицинасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсымен нутрициология» кафедрасының доценттері мен оқытушылары «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен Алматы қаласының мектептерінде дәріс оқыды. Аталған дәрісті қызығушылықпен №148 мектеп гимназияның, № 67 және №58 жалпы білімі беретін мектептің 3-4 және 9-11 сынып оқушылары тыңдады. Жалпы дәрісте 400 қатысушы болды.
Аталған дәріс ойын түрінде иллюстрацияланған материалдарды? видеороликтерді көрсету көмегімен өтті. Мектеп оқушылары тамақтану жайында өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауаптарын алды.