2025 жылдың 24 қазанында Х. Досмұхамедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебі аясында Қазақстан Республикасының Республика күніне 35 жыл толу аясында «Менің елім – Қазақстан» тақырыбындағы іс-шара туралы есеп

2025 жылдың 24 қазанында Х. Досмұхамедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» «Менің елім – Қазақстан» атты патриоттық іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің бойында отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру, өз елін сүюге, Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін арттыру болды. Іс-шара аясында студенттерді Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен таныстыру мақсатында түрлі ақпараттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараны декан орынбасары Н.Н.Авгамбаева алғы сөзімен бастады. Ол өз сөзінде студенттер арасында патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын және туған жерге деген сүйіспеншіліктің мәнін атап өтті. Ғылыми кітапхананың ақпараттық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі С.А.Елеукенова «Қазақстан тарихы, мәдениеті және ғылымы» тақырыптарындағы кітаптар мен қоғамдық денсаулық саласына арналған еңбектерден тұратын кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, Мемлекеттік Ту көтерілді. Бұл сәт қатысушылардың бойында ерекше рух пен патриоттық сезім ұялатты. 4-курс студенті Сайдулла Ақниет Қазақстанның көрікті жерлері мен тарихи орындары туралы әсерлі презентация ұсынып, елдің табиғаты мен мәдени байлығын таныстырды. 4-курс студенттері «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, тәуелсіздік рухын және елге деген сүйіспеншілікті жеткізді. Жаханша Ерболат пен Жанатқанқызы Ақнұр орындаған күй тыңдармандардың ерекше әсер алуына себеп болды және іс-шараның шарықтау сәтіне айналды. Іс-шара соңында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің аға кураторы Э.И. Құсайынова студенттердің жүрегінде Отанға деген ыстық ықылас және мақтаныш сезімдерін ұялатты. АИТВ инфекциясы және ИБ бақылау курсымен эпидемиология кафедрасының тәрбиелік жұмысына жауапты Ж.Б. Бейсенбинова осы іс шараның маңызды іс шара екенін және олардың әрдайым көкейлерінде өз еліне деген отансүйгіштік пен құрмет сзімдерін ұялатты және ұйымдастырушыларды сәтті өткізілген іс-шара үшін алғыс білдірді. Шара модераторлары: Э.И. Құсайынова Ж.Б., Бейсенбинова А.К. Текманова. Ұйымдастырушылары: С.А. Елеукенова,Л.Ж. Темірбаева,Г.А.Бегимбетова.