Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай 2018 жылы 10 желтоқсанда Даңқ залында « РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ, ЕЛ МӘРТЕБЕСІ» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясын Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, Қазақстан тарихы және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедралары және Жастар саясаты басқармасымен бірге өткізілді. Баяндамалар жасалды : Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, т.ғ.д. профессор Т. Ә. Төлебаев , Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, с.ғ.д., Ж.Қ. Симтиков, Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау каферасынан доценттері: м.ғ.қ., Ж.А. Кожекенова және А.А. Айтманбетова, Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі м.а., ә.ғ.к. доцент З.А. Нагайбаева және доценттері Ғ.Т. Рсалдина және ф.ғ.к. М.А. Джекебаева.