23 қараша күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты жолдауын талқылау барысында «Жарқын болашаққа жол ашқан – Жастар» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің қонағы ҚазҰМУ-нің Нұр Отан Партиясының бастауыш ұйымының төрағасы, профессор Кұлманбетов Исатай Әзімұлы студенттерге биылғы 2018 жылдың 5 қазанда жолдаған елбасы Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып өтті.Тәрбие және білім алушыларды әлеуметтік қолдау бөлімінің басшысы- Руслан Мейиржанович Сарсембаев осы жолдаудың жастарға арналған негізгі бағыты «Ұлы дала Жастары» деп, қазіргі жастарға саналы тәрбие мен заман талабына сай сапалы білім беру-баршамызға ортақ міндет деп өз ойын айтты. Ал дөңгелек үстелді айтылған ойларды студенттермен бірге талқылай отырып «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының меңгерушісі Кенесары Динара Усенқызыда биылғы жолдауда «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» деген бағыттында қарастырылған мәселелерді атап өтті. Бұл бағытта еліміздің аумақтық дауына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажет екендігі туралы айтылғанына көңіл бөліп өтті. Осыған орай ауылдардан бастап республикалық маңызы бар қалаларға дейінгі түрлі елді мекендердің экологиялық ахуалды жақсарту, соның ішінде зиянды заттардың таралуы, топырақтың, жердің, ауаның жағдайы, қалдықтарды жою, сондай-ақ онлайн түрінде еркін қолжетімді экологиялық мониторинг жүргізу жүйесін дамыту мәселесін алға қойды. Осы өткізілген дөңгелек үстелдің қорытынды сөздерін Х.Досмухамедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің декан орынбасары Еркін Тұрсынович пен аға кураторы Гульшат Алтаевна «Мемлекет басшысының Жолдауы әрбір азаматтың өмір сапасын арттыруға бағытталып отыр. Жолдаудың талаптарын орындау – баршамыздың міндетіміз» деп аяқтады. Дөңгелек үстелге Жалпы гигиена жәнке экология кафедрасының аға оқытушысы Желдербаева М.К мен Бегимбетова Г.А-ның ҚазҰМУ-нің «Жас Отан»- Жастар қанаты филиалы құрамындағы студенттері қатысып,оз ойларын еркін талқыға салды.