ISDPH 2026 — «Жаһандық сын-қатерлер мен шешімдер жағдайындағы тұрақты даму және қоғамдық денсаулық сақтау» атты халықаралық ғылыми платформа 2026 жылғы 9 сәуірде Т. Шарманов атындағы Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс залында офлайн форматта сәтті өтті.

Іс-шара тұрақты даму мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми тәсілдер мен практикалық шешімдерді талқылауға арналды және оған Сербиядан шақырылған визитинг-профессор Dejan Nikolic — MD, PhD, FEBPRM, Белград университеті медицина факультетінің физикалық медицина және оңалту кафедрасының ассистент-профессоры, докторанттар, магистранттар және Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Платформа аясында ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және білім мен ғылыми нәтижелермен алмасуға бағытталған белсенді академиялық диалог ұйымдастырылды. Қатысушылар саланың өзекті мәселелерін талқылап, халық денсаулығын жақсартуға және тұрақты болашақты қалыптастыруға бағытталған бірлескен ғылыми және практикалық шешімдер ұсынды. Іс-шара модераторлары – «Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ПОҚ қауымдастырылған профессор Шахиева А.М. және лектор Дәрмен Н.Ж. болды.