Биостатистика бойынша Республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленген студенттерімізді құттықтаймыз!
2025 жылдың 21 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұйымдастыруымен биостатистика пәні бойынша Республикалық онлайн олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты – студенттердің медициналық деректерді статистикалық талдау дағдыларын жетілдіру және биостатистика саласындағы білімдерін тереңдету.
Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды: онлайн тестілеу, жобалық тапсырманың тақырыбын таңдау, медициналық деректерді өңдеу, және қорытынды кезең – Zoom платформасында жобаны қорғау.
«Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасында білім алатын МПД23-002 тобының студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды!
Команда құрамы:
1. Қосылхан Қайсар
2. Дәулеткелдиева Көркем
3. Нұржан Нұрдана
4. Жансерік Алихан
Студенттер биостатистикалық әдістерді қолдануда, медициналық деректерді талдауда және өз жобасын ғылыми негізде қорғауда жоғары біліктілік танытты.
Команда грамотамен және сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасы студенттерді шын жүректен құттықтайды! Олардың белсенділігі мен табандылығы – болашақ кәсіби жетістіктерінің кепілі.
Ғылым мен білім жолында сәттіліктер тілейміз!