📍 Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Таза Қазақстан – 2026» бастамасы аясында 3–4 курс студенттерінің қатысуымен эко-челлендждер мен ақпараттық акция өтті.

🌱 Іс-шара «Наурызнама» онкүндігіне орай ұйымдастырылып, 23 наурыз — «Тазару күніне» арналды. Бұл жаңару, экологиялық жауапкершілік және тазалық мәдениетін қалыптастыруды дәріптейді. ♻️ Студенттер макулатура, пластик және киім-кешек жинау жұмыстарын ұйымдастырды. Жиналған заттардың бір бөлігі қайырымдылыққа беріліп, қалғаны қайта өңдеуге және қайта пайдалануға жіберілді. 💚 Қайта өңдеуден түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталады, бұл әлеуметтік жауапкершілік пен өзара көмек мәдениетін дамытуға ықпал етеді. 🤝 Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің өкілі — Қасыметова Бақытгүл Техниковна қатысып, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдардың ынтымақтастығының маңызын атап өтті. 📢 Бұл бастама студенттердің экологиялық мәдениетін, әлеуметтік белсенділігін және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. 👩‍🏫 Ұйымдастырушылар: Бейсенбинова Ж.Б., Кожахметова А.Н., Кусайынова Э.И., Текманова А.К., Айтманбетова А.А. 🌍 Эко-челлендж басқа кафедраларға жолданды — бірге таза әрі жауапты болашақ құрамыз! […]

Read More… from 📍 Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Таза Қазақстан – 2026» бастамасы аясында 3–4 курс студенттерінің қатысуымен эко-челлендждер мен ақпараттық акция өтті.

Қазақстандағы дәстүрлі және ғылыми медицинаның дамуы

2026 жылғы 20 наурызда «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасында Н.Ж. Дәрмен, М.А. Рамазанова және Г.Е. Аимбетова оқытушылары «Медицина тарихы» пәні бойынша «Қазақстандағы дәстүрлі және ғылыми медицинаның дамуы» («Развитие традиционной и научной медицины в Казахстане», «The development of traditional and scientific medicine in Kazakhstan»)тақырыбында үштілділік саясатын іске асыру аясында ашық сабақ өткізді. Іс-шараға 6В10117 – «Педиатрия» білім беру […]

Read More… from Қазақстандағы дәстүрлі және ғылыми медицинаның дамуы

Asfendiyarov Health Leaders Hub алғашқы отырысы өтті: денсаулық сақтаудағы тұрақты ғылыми экожүйені дамыту

Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасы зерттеушілерді, жас ғалымдарды, докторанттарды және жобалар жетекшілерін Asfendiyarov Health Leaders Hub (AHL Hub) алғашқы отырысына қатысуға шақырды. Іс-шара келесі тақырыпқа арналды: «Денсаулық сақтаудағы тұрақты ғылыми экожүйені дамыту» Бұл кездесу университеттің ғылыми әлеуетін дамыту, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ/SDGs) интеграциялау және ғылыми-зерттеу қызметіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін […]

Read More… from Asfendiyarov Health Leaders Hub алғашқы отырысы өтті: денсаулық сақтаудағы тұрақты ғылыми экожүйені дамыту

Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Медико-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісін» атты көрмеге қатысты

2026 жылғы 18 наурыз күні Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Медико-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрменің ашылу салтанатына қатысты. Аталған көрме ұлттық киімдерді қазақ халқының мәдени коды мен тарихи жадының маңызды көрінісі ретінде насихаттауға бағытталған. Көрме барысында студенттер дәстүрлі киім үлгілері арқылы халықтың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік құрылымы мен эстетикалық талғамы жөнінде танымдық ақпарат алды. Экспозицияда әртүрлі жас ерекшелігіне, әлеуметтік мәртебесіне және отбасылық жағдайына байланысты ұлттық киім үлгілерінің айырмашылықтары көрсетілді. Сонымен қатар, киім дайындауға арналған құралдар, тарихи фотосуреттердің жасанды зерде арқылы түрлендірілген нұсқалары ұсынылып, келушілер QR-кодтар арқылы түпнұсқа суреттер мен олардың сипаттамаларын салыстыра қарау мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара барысында студенттер ұлттық киімнің тек тұрмыстық қажеттілік емес, сонымен қатар рәміздік әрі танымдық қызмет атқаратынын, әрбір ою-өрнек пен әшекейде халқымыздың рухани құндылықтары мен дүниетанымы көрініс табатынын түсінді. Көрме аясында ұйымдастырылған экскурсиялар, этнограф-ғалымдармен және этнодизайнерлермен кездесулер, сондай-ақ ұлттық киім үлгілерінің дефилесі студенттердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, тарихи санасын қалыптастыруға ықпал етті. Бұл мәдени-танымдық шара жастар арасында ұлттық мұраны жаңғыртуға, этномәдени бірегейлікті нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. […]

Read More… from Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Медико-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісін» атты көрмеге қатысты

Наурыз біріктіреді: көктем мерекесіне арналған мәдени іс-шара

2026 жылғы 17 наурызда Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар ретінде қауымдастырылған профессорлар Шахиева А.М., Айтманбетова А.А., Бердығалиев А.Б. және ОЗ 23-002 тобының студенттері белсене қатысты. Іс-шараның алғы-құттықтау сөзі кафедра меңгерушісі А.К. Изекеноваға берілді.  Іс-шараға нутрициология кафедрасының меңгерушісі Кайнарбаева М.С., эпидемиология кафедрасының профессор ассистенттері Бейсебинова Ж.Б., Темірбаева Л.Ж., сондай-ақ мейіргерлік іс кафедрасының ассистенттері Иманбек Б.К. және Серік М.С. қатысты. Мереке барысында қатысушылар Наурыз мерекесінің маңызы мен салт-дәстүрлері, оның жаңару, бірлік және береке символикасы туралы білімдерін бөлісті. Арнайы назар ұлттық тағамдарға аударылды: қазақ мәдениетінің байлығы мен өзіндік ерекшелігін көрсететін дәстүрлі тағам түрі ұсынылды. Салтанатты бағдарлама өзара құрмет, жылылық және бірлік атмосферасында өтті. Осындай іс-шаралар тәрбиелік жұмыста маңызды рөл атқарады, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, мәдени мұраға құрметті арттыруға және студенттер мен оқытушылар арасында қауымдастық сезімін нығайтуға ықпал етеді. […]

Read More… from Наурыз біріктіреді: көктем мерекесіне арналған мәдени іс-шара

«Қазақстандағы скринингтік бағдарламалар: тиімділігі мен маңыздылығы» тақырыбында «№3 Тұрақты даму мақсатына» арналған республикалық ақпараттық-тәрбиелік іс-шара

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Айтманбетова А.А. және Бегимбетова Г.А. 2026 жылдың 17 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Медицина және денсаулық сақтау факультеті» базасында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СКРИНИНГ ПРОГРАММАЛАРЫ: ТИІМДІЛІГІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» тақырыбында республикалық ақпараттық-тәрбиелік іс-шараға қатысты. Іс-шара эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы ұйымдастырылып, мазмұндық және практикалық мәні жағынан жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге скрининг бағдарламаларының маңыздылығын түсіндіру, Тұрақты даму мақсаты №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» шеңберінде ауруларды ерте анықтаудың рөлін көрсету және студенттердің өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру болды. Іс-шара жұмысына С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, №5 қалалық клиникалық аурухана мамандарынан өкілдер, профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар және студенттер қатысты. Іс-шара барысында скрининг бағдарламаларының халық денсаулығын нығайтудағы стратегиялық маңызы, қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде профилактикалық тәсілдің қажеттілігі, Қазақстандағы скрининг бағдарламаларының шолуы және олардың тиімділігінің нақты мысалдары қарастырылды. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының […]

Read More… from «Қазақстандағы скринингтік бағдарламалар: тиімділігі мен маңыздылығы» тақырыбында «№3 Тұрақты даму мақсатына» арналған республикалық ақпараттық-тәрбиелік іс-шара

🌿✨ ҚазҰМУ студенттері халықаралық “Nomadic Art” фестиваліне қатысты

2026 жылғы 16 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағының бірлесуімен ұйымдастырылған «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған іс-шара «Наурызнама» онкүндігі аясында, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай өткізілді. Фестивальдің негізгі мақсаты – ұлттық жәдігерлерді заманауи этнодизайн арқылы қайта жаңғырту, көшпелілер мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттау және халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту болды. Фестиваль аясында ғылыми-практикалық конференция, этно-fashion show, халықаралық қолөнер көрмесі, көне технологияларды жаңғырту бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ креативті индустрия өкілдерімен стратегиялық кездесулер ұйымдастырылды. Қатысушылар World Craft Cities Showcase көрмесінде Тараз қаласының киіз басу өнерімен, Түркістанның керамика дәстүрімен және Алматының зергерлік өнерімен танысты. Сонымен қатар fumage техникасы бойынша ерекше перформанстар, этнографиялық инсталляциялар мен интерактивті шығармашылық алаңдардың жұмысы ұсынылды. Осы мәдени-танымдық іс-шараға Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 🔹 аға кураторы Бейсенбинова Ж.Б., 🔹 эдвайзерлер Кусайынова Э.И., Текманова А.Қ. […]

Read More… from 🌿✨ ҚазҰМУ студенттері халықаралық “Nomadic Art” фестиваліне қатысты

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің түлектеріне диплом табыс етілді

2026 жылдың 13 наурызда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің бакалавриат түлектеріне диплом табыс ету рәсімі өтті. «Мейіргер ісі» (оқу мерзімі: 1 жыл 6 ай және 2 жыл 6 ай) білім бағдарламасы бойынша 79 түлек диплом алды. Шараға Республикалық жоғары медициналық колледжінің кәсіби оқыту жөніндегі директорының орынбасары Г.К. […]

Read More… from С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің түлектеріне диплом табыс етілді

Заң мен тәртіп

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті 2026 жылдын  Наурыздың 12-не «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында1 және 2 курс білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі іс-шара өткізді. […]

Read More… from Заң мен тәртіп

«Денсаулық сақтаудың цифрлық болашағы» тақырыбында мотивациялық кездесу

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды денсаулық сақтау саласындағы заманауи цифрлық технологиялар, инновациялық шешімдер және халықаралық тәжірибелерге арналған мотивациялық кездесуге шақырады. Тақырыбы: «Денсаулық сақтаудың цифрлық болашағы» Спикер: Спатаев Ербол Маратович – ДДҰ жобалық офицері Күні: 16.03.2026 Уақыты: 16:00 Өтетін орны: № 7 оқу корпусы, №4 аудитория […]

Read More… from «Денсаулық сақтаудың цифрлық болашағы» тақырыбында мотивациялық кездесу

Контакты

Call-center:+7(727)338-70-90, +7(727)292-43-00
Приемная комиссия:+7(727)338-70-27
Канцелярия: +7(727)338-70-30 вн:71-50
Email: [email protected]
Адрес: г.Алматы, ул. Толе Би 94

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова | © КазНМУ 1930-2025

Ассистент
Здравствуйте! Я ваш ассистент по вопросам университета. Чем могу помочь?
Ассистент печатает...
Часто задаваемые вопросы