С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасының студенттерін «BIOSTAT PRO-2026» атты олимпиадаға шақырады.
Қазіргі заманғы медицина мен қоғамдық денсаулық сақтау саласында дәлелді шешімдер қабылдаудың негізі болып табылатын биостатистиканың маңызын көрсету; студенттердің медициналық деректерді сауатты талдау, статистикалық әдістер мен цифрлық технологияларды қолдану, нәтижелерді дұрыс түсіндіру және ғылыми негізделген қорытынды жасау құзыреттерін дамыту барысында олимпиада ұйымдастырылған. Сонымен қатар студенттердің зерттеушілік, сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды анықтау және қолдауға бағытталған.
Олимпиадаға қатысушы студенттерге сертификаттары беріледі. Іс-шара қорытындысы бойынша командаларға I, II және III жүлделі орындар беріліп, естелік сыйлықтар табысталады.
Күні: 2026 жылғы 19 қараша
Уақыты: 14:30
Өтетін орны: Желтоқсан көшесі, 37А мекенжайындағы оқу корпусы, 424-кабинет.
Олимпиадаға қатысуға шақырамыз!
