◆ БҰҰ ТДМ №3 — Сапалы денсаулық және әл-ауқат
Есірткі, ішімдік және зиянды заттарға тәуелділіктің алдын алу
Дөңгелек үстел · ҚазҰМУ ғылыми кітапханасы · 2026
ҚазҰМУ ғылыми кітапханасында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және тәуелділіктің медициналық-әлеуметтік салдары туралы білімдерін арттыру. Іс-шара БҰҰ-ның ТДМ 3-мақсатына сәйкес ұйымдастырылды.
Баяндамалар мен сөз сөйлеушілер
1
Аяғанов Бекнур
«Токсикомания»
Клей иіскеудің қауіптілігі мен оның жасөспірімдер арасындағы таралу мәселесі ашып көрсетілді.
2
ОЗ23-001 тобының студенттері
«Есірткіге тәуелділік — қазіргі қоғамның қауіпі»
Оразалы Алиман, Алимгазина Амина, Хасенғали Самал бірлескен баяндама жасады.
3
Дихан М.Д. — PhD докторант
«Алкоголизм және оның денсаулыққа әсері»
Алкогольдік тәуелділіктің медициналық және әлеуметтік салдарын талдаған ғылыми баяндама.
🎤 Интерактивті бөлімде студент Байдалин Бауыржан белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, зиянды әдеттердің алдын алу жолдарын нақты көрсете білді. Іс-шараны кәсіби деңгейде фотоға түсіруді Баконай Тұрар қамтамасыз етті.
Плакаттар байқауы
«Есірткісіз өмір»
МПД23-001к
«Алкоголь — үнсіз жау»
Мед23-001к
«Таңдау — сенің қолыңда»
Пед23-002к
🏆
Барлық плакаттар мазмұнды, креативті және тәрбиелік мәні жоғары болды. Әділ бағалау нәтижесінде барлық қатысушыларға тең орын беріліп, естелік сыйлықтар табысталды.
Фотогалерея
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің қызығушылығын арттырды. Қатысушылар зиянды әдеттердің алдын алу бойынша маңызды білім алып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді.