Тұрақты даму мақсаттарының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсаты аясында өткізілген республикалық деңгейдегі «Психикалық денсаулық апталығы» тақырыбындағы ақпараттық-тәрбиелік іс-шара

2026 жылғы 13–15 сәуір аралығында  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медицина және денсаулық сақтау факультетінде «Психикалық денсаулық апталығы» тақырыбында республикалық деңгейдегі ақпараттық-тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Тұрақты даму мақсаттарының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты аясында студенттердің психикалық денсаулық туралы хабардарлығын арттыру, стигманы азайту, өзін-өзі қолдау дағдыларын қалыптастыру, көмек алу жолдары туралы ақпарат беру және олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің өкілдері, психолог мамандар, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Аталған  апталыққа С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасынан қауымдастырылған профессорлар Айтманбетова А.А., Бегимбетова Г.А. қатысты.  Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 3-курс студенттері «Жоғары оқу жүктемесі мен цифрлық орта жағдайындағы медицина студенттерінің психикалық денсаулығы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, ҚазҰМУ-дың коммуникативтік дағдылар кафедрасының ассистент профессоры Абсатарова Гулбану Пернекуловна «Психикалық денсаулық және өзін-өзі реттеу» тақырыбында студенттерге тренинг өткізді.

Барлық іс-шаралар барысында интерактивті әдістер кеңінен қолданылды: викториналар ұйымдастырылып, қатысушылардың білім деңгейі тексерілді, сондай-ақ пікірталас алаңында психикалық денсаулықтың маңыздылығы талқыланды.

Қорытындылай келе, аталған іс-шара студенттер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, профилактикалық медицинаның маңызын арттыруға және психикалық денсаулық туралы ақпараттандыру деңгейін көтеруге ықпал етті