Цифрлық білім беру бастамаларын дамыту аясында Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері — Нұрқаим Амина мен Орынбас Елдана — «HIV Infection / АИТВ туралы ақпараттық веб-сайт» атты білім беру веб-сайтын әзірлеп, оны Қазақстан Республикасының авторлық құқық объектілерінің Мемлекеттік тізіліміне ресми түрде тіркеді.
Жобаның ғылыми жетекшілері: ВИЧ-инфекциясы және Инфекциялық бақылау курсымен эпидемиология кафедрасының -профессор ассистенттері Бейсенбинова Ж.Б. және Нугуманова Г.С. Аталған жоба білім беру сапасын арттыруға, студенттердің цифрлық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамытуға бағытталған және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы студенттік бастамалардың практикалық тұрғыда жүзеге асырылуын көрсетеді.


