Театрға бару туралы есеп

2025 жылдың 27 қарашасында Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 4 курс, 2 топ студенттері Concordia театрына барып, Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының «Қоштасқым келмейді» спектаклін тамашалады.

Сапардың мақсаты – студенттердің мәдени дүниетанымын кеңейту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру. Спектакль студенттерге зор әсер қалдырды: қойылым жағымды эмоциялар сыйлап, өмірлік құндылықтар туралы ойландырды және есте сақталатын жақсы әсер қалдырды.

Іс-шара соңында студенттер эдвайзер Бейсенбинова Жанат Бекмуханбетовнамен бірге спектакльді қысқаша талқылап, мәдени дамудың маңыздылығын атап өтті және театрға баруды тұрақты дәстүрге айналдыру жөнінде ұсыныс білдірді. Сонымен қатар, бұл қойылымның университет базасында көрсетілуі студенттер үшін ерекше оқиға болды.