2025 жылғы 2 қазан айында «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын кафедра меңгерушісі Ж.А.Қожекенова ПОҚ және 3 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» Мектебінің студенттері арасында талқылады.

2025 жылғы 2 қазан айында «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын кафедра меңгерушісі Ж.А.Қожекенова ПОҚ және 3 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» Мектебінің студенттері арасында талқылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауы еліміздің жаңа даму кезеңін бастауға бағытталған. Жолдауда басты назар – жасанды интеллект, цифрландыру, экономикалық реформалар мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға аударылды.
1. Цифрландыру және жасанды интеллект.Жаңа технологиялар дәуірінде Қазақстан артта қалмауы керек.Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру ұсынылды.
2. Экономикалық даму.Экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу қажет. Ауылдық жерлерде 25 мыңнан астам жобалар қаржыландырылды.
Жаңа 2025–2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасы әзірленеді.
3. Әлеуметтік сала. 20-дан астам жаңа медицина мекемелері салу жоспарланған.
Білім беру сапасын арттыру – басым бағыт: техникалық және кәсіптік білім беруге көңіл бөлінеді.Жаңа мектептер салынып, мұғалімдер мен дәрігерлердің жағдайы жақсартылады.
4. Саяси реформалар. Парламент реформасы ұсынылды – бір палаталы жүйеге көшу мәселесі қарастырылуда. 2027 жылы осы бойынша жалпыұлттық референдум өткізу жоспарланып отыр.
“Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” формуласы негізінде мемлекеттік басқару жүйесі жаңартылады.
5. Қоғам және азаматтық қатысу. Халықтың мемлекет басқаруына қатысуы артады.
Ашықтық, әділеттілік және қоғаммен тиімді диалог құру – басты қағидалар.
Азаматтардың өтініштері жедел әрі сапалы қаралатын болады.
2025 жылғы Жолдау – жаңа технологиялар дәуіріне бейімделу, экономикалық қуатты арттыру және халықтың тұрмыс сапасын көтеруге бағытталған. Президент елдің болашағы жастардың қолында екенін ерекше атап өтті. Сондықтан студенттер мен жас мамандар үшін білім алу, өз кәсібін дамыту – басты басымдыққа айналуы тиіс.
Жолдауды талқылау барысында студенттер өздерінің пікірлерімен бөлісті.