Іс-шараны «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының бастамасымен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің аясында ұйымдастырды. Шароаны кафедраның доценті Текманова А.К., Кусайынова Э.И., Бегимбетова Г.А басшылығымен ұйымдастырылды. Олимпиаданың төрайымы профессор К.К.Тоғызбаева,Әділ қазылар алқасының мүшелері: ҚРМУ-нің «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д Орақбай Л.Ж., Арынова Г.А. м.ғ.к., АльФараби атындағы ҚазҰУ-нің «Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина» кафедрасының аға оқытушысы, Алекеева Г.М. «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының доценті қатысты.
Олимпиада С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының базасында өтеді.Іс-шараның мақсаты: “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Медициналық-профилактикалық іс”, “Қоғамдық денсаулық” мамандықтарының түлектерін кәсіби даярлаудың деңгейі мен сапасын анықтау, мемлекеттік қадағалау мекемелері үшін жоғары білікті кадрларды даярлауды жетілдіру, білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамыту, оқытуды ұйымдастыру мен мазмұнының тиімділігін арттыру. Олимпиада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,ҚРМУ мен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Қоғамдық денсаулық сақтау” “Медициналық-профилактикалық іс” бағытында оқитын бітіруші курс студенттері арасында өткізіледі.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының өзекті мәселелері бойынша жасалған ашық жауап тесттерін шешу;
Білім беру ойындарын шешу
Жағдайлық есептерді шешу, практикалық дағдылар.
Олимпиада достық және серпінді атмосферада, кері байланыс пен пікірталастармен өткізілді. Біздің студенттер балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы бойынша терең кәсіби білімдерін көрсете білді, креативті ойлау мен командада үйлесімді жұмыс істей білді. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команда 1,2,3 дәрежелі дипломмен марапатталды.