🌱 Іс-шара «Наурызнама» онкүндігіне орай ұйымдастырылып, 23 наурыз — «Тазару күніне» арналды. Бұл жаңару, экологиялық жауапкершілік және тазалық мәдениетін қалыптастыруды дәріптейді.
♻️ Студенттер макулатура, пластик және киім-кешек жинау жұмыстарын ұйымдастырды.
Жиналған заттардың бір бөлігі қайырымдылыққа беріліп, қалғаны қайта өңдеуге және қайта пайдалануға жіберілді.
💚 Қайта өңдеуден түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталады, бұл әлеуметтік жауапкершілік пен өзара көмек мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
🤝 Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің өкілі — Қасыметова Бақытгүл Техниковна қатысып, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдардың ынтымақтастығының маңызын атап өтті.
📢 Бұл бастама студенттердің экологиялық мәдениетін, әлеуметтік белсенділігін және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
👩🏫 Ұйымдастырушылар:
Бейсенбинова Ж.Б., Кожахметова А.Н., Кусайынова Э.И., Текманова А.К., Айтманбетова А.А.
🌍 Эко-челлендж басқа кафедраларға жолданды — бірге таза әрі жауапты болашақ құрамыз!





