2026 жылғы 25 ақпанда академик Т. Шарманов атындағы Даңқ залында Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі мен әскери кафедраның ұйымдастыруымен студенттерді, әскери кафедра студенттерін және барлық мүдделі тұлғаларды қамтыған мотивациялық кеш өтті.
Кездесу барысында әскери медициналық гигиена, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ұйымдастырылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери қызметтің ерекшеліктері туралы маңызды ақпараттар айтылды.
Десанттық-шабуылдаушы әскер өкілдері мотивациялық бейнероликтер ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Кеш қонақтары:
- Полковник Исабаев Қайрат Батырбекович — ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің басқарма бастығы.
- Анарбек Қадырбекұлы Арызбағанбетов — медициналық қызметтің подполковнигі, ҚР ҚК санитариялық-эпидемиологиялық орталығының бастығы
- Галия Ғабдулхаковна Ибраимжанова — запастағы медицина қызметінің подполковнигі
Іс-шара отансүйгіштік рухты арттыруға, әскери қызметке деген қызығушылықты күшейтуге бағытталып, мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті.






