Х. Досмухамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі және Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы визитинг-профессор бағдарламасы аясында Сіздерді Fakher Karim Rahim профессордың 2023 жылдың 14-ші желтоқсанында сағат 10.00-де Т.Ш. Шарманов атындағы Даңқ залында өтетін ашық дәрісіне шақырады. Ашық дәрістің тақырыбы: «Халықаралық академиялық журналдардағы жарияланымдар. Қолжазба үшін ең жақсы журналды қалай анықтауға болады?».
Доктор Факхер Карим Рахим – Сүлейманиядағы Джихан университетінің ғылыми-зерттеу орталығының директоры, рецензияланған журналдарда 536-дан астам ғылыми мақалалардың авторы, H-индексі 71 және әлемдегі ең көп сілтеме жасалған басылымдарға кіретін ғалымдардың бірі. Бүгінгі таңда доктор Факхер Карим Рахим медицина ғылымдарының докторы, Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры К.К. Тогузбаевамен бірлескен ғылыми іс-шаралар аясында серіктестік қызметті атқаруда.