Сапар барысында оқытушылар «Медициналық фестиваль-2025» халықаралық форумына қатысып, қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған баяндама жасады. Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру саласында одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Сапар аясында оқытушылар Әзербайжан Медициналық Университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» және «Тамақтану және медициналық экология» кафедраларына барып, әріптестерімен тәжірибе алмасып, бірлескен ғылыми жобаларды талқылады.
Бұл сапар денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен мамандардың кәсіби даярлығын дамытуға маңызды үлес қосты. ҚазҰМУ оқытушыларының жоғары педагогикалық шеберлігі мен ғылыми тәжірибесі халықаралық байланыстарды нығайтуға және мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.