Asfendiyarov Health Leaders Hub алғашқы отырысы өтті: денсаулық сақтаудағы тұрақты ғылыми экожүйені дамыту

Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасы зерттеушілерді, жас ғалымдарды, докторанттарды және жобалар жетекшілерін Asfendiyarov Health Leaders Hub (AHL Hub) алғашқы отырысына қатысуға шақырды. Іс-шара келесі тақырыпқа арналды:

«Денсаулық сақтаудағы тұрақты ғылыми экожүйені дамыту»

Бұл кездесу университеттің ғылыми әлеуетін дамыту, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ/SDGs) интеграциялау және ғылыми-зерттеу қызметіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылауға арналған алаң ретінде өтті.

Кездесу барысында келесі бағыттар ұсынылды:

  • AHL Hub мақсаттары мен миссиясының презентациясы, оның ішінде:
  • ғылыми көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыру;
  • жобалық және стратегиялық ойлау қабілетін дамыту;
  • пәнаралық ынтымақтастықты күшейту;
  • денсаулық сақтау саласындағы инновациялық зерттеулерді ілгерілету.

Кіріспе дәріс-вебинар:

«Денсаулық сақтаудағы тұрақты ғылыми экожүйені дамыту»

Дәріскерлер:

  • Вагнер Александр Викторович, PhD, техника ғылымдарының кандидаты, кафедра кеңесшісі
  • Кумар Айнур Бакдаулетовна, PhD, кафедра профессоры

Қатысушылар ғылыми ортаны стратегиялық дамыту бағыттарын, ғылыми-зерттеу тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізу мүмкіндіктерін және денсаулық сақтау жүйесіндегі пәнаралық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

Asfendiyarov Health Leaders Hub стратегиялық диалог, көшбасшылық және ғылыми трансформация алаңы ретінде қызмет етеді, кәсіби даму, тәжірибе алмасу және денсаулық сақтау саласындағы озық зерттеулерді ілгерілету мүмкіндіктерін қалыптастырады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасы – Кумар А.Б., Сейдуанова Л.Б., Толганбаева К.А., Жорабек С.Б.