«Қазақстандағы скринингтік бағдарламалар: тиімділігі мен маңыздылығы» тақырыбында «№3 Тұрақты даму мақсатына» арналған республикалық ақпараттық-тәрбиелік іс-шара

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Айтманбетова А.А. және Бегимбетова Г.А. 2026 жылдың 17 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Медицина және денсаулық сақтау факультеті» базасында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СКРИНИНГ ПРОГРАММАЛАРЫ: ТИІМДІЛІГІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» тақырыбында республикалық ақпараттық-тәрбиелік іс-шараға қатысты. Іс-шара эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы ұйымдастырылып, мазмұндық және практикалық мәні жағынан жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге скрининг бағдарламаларының маңыздылығын түсіндіру, Тұрақты даму мақсаты №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» шеңберінде ауруларды ерте анықтаудың рөлін көрсету және студенттердің өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру болды. Іс-шара жұмысына С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, №5 қалалық клиникалық аурухана мамандарынан өкілдер, профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар және студенттер қатысты.

Іс-шара барысында скрининг бағдарламаларының халық денсаулығын нығайтудағы стратегиялық маңызы, қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде профилактикалық тәсілдің қажеттілігі, Қазақстандағы скрининг бағдарламаларының шолуы және олардың тиімділігінің нақты мысалдары қарастырылды. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 3 курс студенттері Нұрхаим Амина мен Орынбас Елдана ерте диагностика жүйесінің тұрақты дамуындағы рөлін талқылады, ал 4 курс студенті Амир Айерке балаларды скринингтеудің деректері мен оның алдын алу медицинасы үшін маңыздылығын таныстырды.

Қатысушылардың ерекше назарын №5 қалалық клиникалық ауруханадағы ҚазҰУ филиалының меңгерушісі Жаксыханов Еркебулан Жанболатұлының сөйлеген сөздері аударды. Ол практикалық ұсыныстарымен бөлісіп, скрининг бағдарламаларын клиникалық практикада енгізудің өзекті мәселелерін атап көрсетті.

Іс-шара интерактивті элементтерді де қамтыды, соның ішінде викторина және пікірталас алаңы, бұл қатысушылардың скринингтің маңыздылығын белсенді түрде талқылауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылық құрамның тәжірибелі өкілдері ғылыми және практикалық пікірлерін ұсынды. Атап айтқанда, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Айтманбетова Акмарал Аршабаевна, Бегимбетова Гульшат Алтаевна, ҚазҰУ эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі Уалиева Алия Ержановна, аға оқытушысы Арынова Гульбану Абжановна, қауымдастырылған профессоры Искакова Фарида Аркеновна скрининг бағдарламаларының стратегиялық рөлін және денсаулық сақтауда профилактикалық бағытты күшейту қажеттілігін ерекше атап көрсетті.

Іс-шара соңында ең белсенді студенттер мен магистранттарға сертификаттар табыс етілді. Осы іс-шараға қатысу білім алмасу тәжірибесін байытып, профилактикалық медицина мен скрининг бағдарламалары халық денсаулығын сақтаудағы негізгі құралдар екенін, ал студенттер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру – біздің жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі екенін тағы бір рет дәлелдеді.